
Төлемді шлюз- бұл «электрондық үкімет» инфрақұрылымның базалық құрауышы, ол Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
2008 жылы «электрондық үкімет» Төлемді шлюзінің жобасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен, «Ұлттық банк» АҚ және «Альянс банк» АҚ арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
«Ұлттық банк» АҚ және «Альянс банк» АҚ төлемдік жүйелерімен «электрондық үкімет» Төлемді шлюзін ықпалдастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Төлемді шлюз тәжірбиелі пайдалануға қабылданды және мемлекеттік қызметтерді мынадай тәсілдермен төлеу мүмкіндігін табысты қамтамасыз етеді:
- әлемнің кез-келген банкісінен төлем картасының көмегімен қызметтерді сатып алған сәттінде Төлемді Шлюз сайты тікелей («Ұлттық Банк» АҚ эквайринг қамтамасыз етеді);
- «Альянс банк» төлемді карталары бойынша «Альянс банк» АҚ банкоматтары арқылы;
- мобильді оператордың қысқа нөміріне SMS-хабарламалар жөнелтулер арқылы (бұл ретте қызмет үшін төлем сомасы абоненттің теңгерімінен алынады).
Қарапайым мысал ретінде мынадай автокөліктің техникалық бақылаудан өтуі сияқты машақат үрдісті алайық.
Сізге жай ғана «электрондық үкімет» порталына кіріп, өз атыңызбен және пароліңізбен авторлануыңыз және барлық қажетті салықтарды және айыптарды төлеу жеткілікті.
Сізде ешқандай заң бұзу жоқтығы туралы «анықтаманы» шығарып алып, техникалық бақылау станциясына еш қорықпастан барыңыз.
Бұған ерекше күш талап етілмейді, рәсімдеуге Сіздің небәрі
15 минутыңыз кетеді.
Осы уақытта әдетте салық инспекциясынан дайын анықтама алу үшін келесі күні қайтып келуге тура келеді.
Енді бүгін біз «электрондық үкімет» Төлемді Шлюзінің халыққа қызмет көрсетуде жанға жайлылығын арттырады деп үміттенуге болады.
- төлемді қабылдау механизінің айқындығын, ыңғайлығын құру;
- билікке азаматтардың сенімін арттыру;
- төлемді жүргізуге арналған уақытты айтарлықтай қысқарту;
- жеке тұлғалардың үстеме шығындарsy азайту;
- жедел есептілікті қамтамасыз етеді (электрондық есепті жүргізу жолымен).