
Салықтарды төлеу, лицензияны алу, баланы мектепке орналастыру, жылжымайтын мүлікке тіркеу жүргізу – енді осының бәрін үйдің табалдырығын аттамастан жасауға болады!
Сіздердің назарларыңызға халыққа мемлекеттік қызметтерді берудің рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған «Электрондық үкімет» жаңа порталын ұсынамыз және мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасында бір терезе қағидасы бойынша әрекет етеді.
«Электрондық үкімет» - бұл халыққа және бизнеске интерактивтік қызметтер көрсетеді. Осы бірегей порталдың көмегімен компьютердің түймелерін қарапайым басумен барлық өмірге қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
Қажетті операцияны жүзеге асыру үшін шексіз кезектерде жалықтыратын күтулерді және бір ведомствадан екіншісіне анықтамалар тасуды тоқтататын уақыт келді!
«Электрондық үкімет» порталы қалай әрекет етеді? Мысалға, Сіз істі бастаушы кәсіпкерсіз және өз фирмаңызды тіркегіңіз келеді. Ол үшін Сіз порталдың бас бетін ашып және «Бизнес үшін қызметтер» айдарына көшсеңіз жеткілікті. Бұдан әрі «Кәсіпкерлік қызметті тіркеу» бөлімшесіне кіру қажет және осы жерден тіркеу үшін қажетті барлық ақпараттарды табасыз.
«Азаматтар үшін қызметтер» айдарында Сіз мысалға, зейнетақыны рәсімдеу және алу жөніндегі кеңесті ала аласыз. Одан басқа, бірқатар мемлекеттік органдардың өзінде электрондық қызметтер енгізілген және жұмыс істейді. Мысалға, Қаржы министрлігінің сайтында электрондық форматта салық есептілігін, мүлік салығын, көлік құралдарын және басқаларын жөнелту мүмкіндігін ала аласыз. Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» порталының қонағы кез келген мемлекеттік органға өтініш білдіріп, оны қызықтыратын сұрақты он-лайн режимінде қоя алады. Бұл қалай істелінеді?
• «Электрондық азамат» ретінде ресімделу үшін Сізге алдымен тіркелу қажет.
• Бұдан әрі өзіңіздің жеке деректеріңізді және жеке куәлікте көрсетілген жеке сәйкестендірілген кодыңызды енгізіңіз.
• Осыдан кейін «электрондық азаматтық» деп аталатын тіркеуді иеленіп, «ауани қабылдауға» тап боласыз.
Аса көп күшті қажет етпейтін рәсімдерден кейін, Сізге тек сұранымның мәртебесі мен соңғы нәтижесін, саты бойынша Сіздің сұранымыңыздың өту жолын бақылау ғана қалады. Бұдан былай барлық құжаттардың өзара алмасуы және ақпарат алмасу ендігі Сіздің қатысуыңыз белгіленген мерзімдерде өтеді.
Одан басқа, «Электрондық үкімет» порталында өзекті проблемалар бойынша интернет-конференциялар өтеді, тақырыптың атауы баннерде көрсетілетін болады. Ықыласы болса, әр адам конференция қатысушысы болу мүмкіндігіне ие болады.
Айтпақшы, электрондық пошталар сервистерін, ауани қабылдау деректерінің байланыстарын пайдалану құқығына ие, пайдаланушыларды тіркеу үшін арналған
«Менің порталым» - дербес бөлімі ендігі іске асырылды.
Бүгін «Электрондық үкімет» бұл:
• Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық ресурстарына бірыңғай қол жеткізілім нүктесі.
• Билікпен ашық сұхбат
• Құпиялық
• Мемлекеттік органдармен азаматтардың тікелей және кері өзара іс-қимылын орнату.
Барлық атап өтілгендерден басқа, порталда «Электрондық үкімет» Шлюзі құрылды, ол арқылы «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекен-жай тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры және «Электрондық үкімет» пен ведомствалық ақпараттық жүйелері порталының өзара іс-қимылы жүзеге асырылуда.
«Электрондық үкімет» порталы негізінде тапсырылған сызба бойынша барлық ақпараттар бар.
Сіз электрондық шенеуіктің қабылдауында боласыз. Бетте қабылдаулар тізімі пайда болады, онда кез келген сұрағыңызды қоя аласыз, қосымша деректеріңізді енгізесіз.
Портал ыңғайлы және хабарландырылған
Бұл ретте сіз өз уақытыңызды, ақшаңызды және жүйкеңізді үнемдейсіз.
Сіз порталға кіресіз. Алдымен сізге тіркелу қажет, яғни электрондық азамат болу керек. Сіз жеке сәйкестендірілген кодыңызды және жеке деректеріңізді енгізесіз. Сонан соң Сіз тіркелесіз, яғни электрондық азаматтық аласыз және электрондық шенеуіктің қабылдауына түсесіз. Бетте қабылдаулар тізімі пайда болады, онда кез келген сұрағыңызды шығарасыз/қоясыз, қосымша деректеріңізді енгізесіз....
Электрондық үкімет бетінде 13 өте маңызды тақырыптар бар, олардың ішінде несиелер, депозиттер, құрылыс, банктік дағдарыс сияқты Сізді, яғни азаматтарды аса қызықтыратын тақырыптар, шығындар қысқарту, азаматтардың уақыттарын қысқарту, бизнес үшін ақша уақыттары бар.
«Электрондық үкімет» құндылығы азаматтар және бизнес үшін нақты пайдалылығымен қортындыланады. «Электрондық үкімет» веб-порталы - бұл сапаны арттыру құралы және халыққа мемлекеттік қызмет берудің тиімділігі.