
Бүгін «Мәдени мұра» веб-порталы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің пікірі бойынша елдің мәдени қазынасына қол жеткізілімді ашатын ең табысты ақпараттық ресурсы болып табылады.
«Мәдени мұра» болашақ ұрпаққа ұлттық қазынамызды сақтау үшін мемлекетпен қабылданған жігеріміз туралы және сан ғасырлық қазақстандық мәдениет жетістіктерімен сіздерді таныстырады.
Мұнда сіз тарих пен мәдениеттің, археологиялық зерттеулердің бірегей мұралары туралы, әлемдік кітап сақтау орындарындағы іздеушілік экспедициялар туралы, қазақ халқының музыкалық дәстүрлері туралы, әлемдік классикалық әдебиеттің үздік шығармалары туралы мәліметтерді таба аласыз, оны сіз он-лайн режимінде оқи аласыз.
Джон Хершелдің айтқаны дұрыс болды – адамды бақытты ету үшін оған оқылымның талғамына дағдыландыру ғана емес, оған сондай мүмкіншілікті, бәрінен бұрын электрондықты беру қажет. Және Гете жайбарақат – ендігі түге қол жазба жанып кетпейді. «Фауст» өзін электрондық форматта жақсы сезінеді. Оның кітабын бір уақытта мың адам, оның үстіне қазақ тілінде оқи алады.
Ардақты кітапқа жол бірнеше секундта дестеленеді– www.madenimura.kz – және Қазақстанның ұлттық рухани асыл қазынасының бай әлеміне хош келдіңіз. Сөреден әрбір кітапты алу және ең болмаса авторы мен тақырыбын оқу үшін нақты уақытты кетіруге болатын сағаттар мен минуттардың санын санаңыз. Компьютер және Интернет бар болған кезде оны санаулы минутта жасауға болады.
Египеттің пирамидалары мен фараондардың мумиялары туралы, римдік Колизия туралы, әйгілі пизан мұнарасы туралы бәрін біз білеміз, бірақ әлемді дүр сілкіндірген Берел қорғандарының олжалары туралы, оның шығуы жерден тыс өркениетпен байланысатын Ақ бауыр тылсым жері туралы, Маңғыстау тауларында ойып жасалған жер асты мешіттері туралы екінің бірі біле бермейді.... Бағдарламаның жылдар бойы археологтармен жасалған барлық олжалары мен жаңалықтарын атап өту үшін орын жетпейді.
Сонымен қатар сіз Қазақстанның қасиетті орындары туралы біле, сәулет ескерткіштері мен ежелгі қалалар туралы бейнефильмдер қарай, қазақтың халық аспаптарының қалай естілетінін тыңдай аласыз. Сіз ұлы Абайдың «Нақыл сөзін» естисіз. Сіздің құрметіңізге мешіттердің және кесенелердің кескіндемесімен, жұмбақ жартастағы суреттермен және тас мүсіндермен бай фотогалерея бар.
Бұл әлі «ҰАТ» АҚ порталды әзірлеушілер – командасы жоспарлары мен шығармашылық ойларының толық тізбесі емес. Жоспардағы ақпаратта ұлттық дәстүрлер, қазақтың қолданбалы қол өнері туралы, қазақ диаспорасының және т.б. мәдениеті мен салттары туралы болады.
Отандық археология патриархы Әлкей Марғұлан айтқандай – сақтау үшін білу керек дейді. Ал «Мәдени мұра» веб-порталы сізге біздің бастауларымыз туралы, біздің жәдігерлеріміз туралы көбірек білуге көмектеседі