Ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару жөніндегі қызметтер

Қызметтерді сипаттау:
Қазақстан Республикасының және одан тыс аумақтарда ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсету.

Біздің мүмкіндіктер:
«Электрондық үкіметтің» базалық құрауыштарын және Қазақстан Республикасы мен одан тыс мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда ақпараттық жүйелерді құру және енгізу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған кезеңінен бастап АТ-жобаларын басқару бойынша қызметтерді көрсету.
Ақпараттық жүйелерді құрудың, енгізу мен сүйемелдеудің барлық кезеңдерінде АТ-жобаларын кәсіби басқару:
бастама кезеңінде: - жобаны ашу туралы бұйрық беруге даярлық, автоматтандыруға жататын бизнес-үрдістерді зерттеу үрдістерін басқару, жобаның Техникалық-экономикалық негіздемесін (Инветициялық жоба үшін бизнес-жоспарды) әзірлеу жөніндегі жұмыстардың мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру, жоба Жарғысын әзірлеу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, серверлік құрал-жабдықтарды, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техникалар мен байланыс қызметтерін сатып жөніндегі Шарттар мен бағдарламалық техникалық маманданымның жобаларын даярлау.
жоспарлау кезеңінде: жобалық команданы құру туралы бұйрықты даярлау, жобаның иерархиялық құрылымдарының, MS Project-де жобаның күнтізбелік жоспарының, рөлдердің матрицалары мен жауапкершілігіның жоба Жоспарын әзірлеу; қауіптерді, сапаны, коммуникацияны, ресурстарды, жобаның ұсталуы мен жеткізілуінің басқару жоспарларын даярлау.
орындалу кезеңінде: жобалар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын басқару, жоба бойынша жұмыс мәжілістерін ұйымдастыру мен өткізу, қауіптерді сәйкестендіру, жобаның қауіпі жөніндегі ескертілетін әрекеттерді сипаттау, жобада туындаған қауіптер жөніндегі түзетушілік әрекеттерді жүзеге асыру, Жоба жоспарына сәйкес жұмыстардың уақытылы орындалуының бақылауы мен мониторингі, жобаның ағымдағы іске асырылуын талдау, жұмыстардың мониторингі бойынша аралық есептерді даярлау.
аяқтау кезеңінде: жобаны тәжірибелі өнеркәсіптік пайдалануға беруде жобалық құжаттамаларды даярлау, қабылдау сынақтарын және пайдалануға енгізу туралы актілердің хаттамаларын, Тапсырыс берушіге тауарлар/қызметтер беру жөніндегі актілерді құрастыру, жобаны іске асыру, жобалық құжаттаманы мұрағаттау жөніндегі қорытынды есепті даярлау.

Біздің артықшылықтар
- мемлекеттік маңызы бар ірі көлемді АТ-жобаларын басқаруда, мемлекеттік органдар мен АТ-компаниялардың – жобаға көптеген қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруда, және белгіленген уақытта соңғы нәтижеге жету жөніндегі жұмыс үйлестіруінде үлкен тәжірибе;
- республикалық және шет елдік универстиеттерден ақпараттық технологиялар саласынан жобаларды басқаруда халықаралық сертификациясы бар, жоғарғы білім алған, магистрлік және ғылыми дәрежесі бар менеджерлердің кәсіби жоғары деңгейі бар.

Нәтиже:
Нәтижесінде Тапсырыс беруші толық көлемде және белгіленген мерзімде түпкілікті мақсатқа жету үшін бағытталған, кез-келген қиындықтағы АТ-жобалардың кәсіби басқаруын алады.