
«Е-лицензиялау» www.elicense.kz мемлекеттік деректер қоры – бұл жаңа жоба, Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту бағдарламасы шеңберінде іске қосылды.
Ешкімге құпия емес, бүгінгі күні лицензияларды алудың үрдісі көптеген проблемалармен сүйемелденеді: негізгі реттейтін нормативтік құжаттардан басқа сізден қосымша қағаздарды беруді талап етеді.
Нәтижесінде, Сіз бірнеше ай уақытыңызды жоғалтасыз, бюрократиялық қысыммен қақтығысасыз, иә оған қоса көліктік шығындарды артасыз. Одан басқа, бақылаушы мемлекеттік органдар лицензиаттар бойынша өзекті ақпаратқа ие емес. Қатаң есептіліктің осал қорғалуымен және олардың жасанды болуы үшін мүмкіншіліктерімен сұрақтар бар.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры – лицензиялау саласындағы шиеленіскен жағдайлар мен сансыз кешенді мәселелерден шығудың нақты жолы.
2008 жылы лицензияларды беретін барлық мемлекеттік органдарда «Е-лицензиялау» жүйесін енгізу мүмкіндіктері тақырыбына арналған жоба алды зерттеулерді жүргізу басталды.
«Е-лицензиялау» жобасының мақсаты азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік органдармен рұқсат етуші құжаттарды беру жөніндегі электрондық түрде қызметтерді сапалы және жедел көрсету болып табылады. Жүйе өз сәулетінде порталмен ұсынылатын болады, ол әлеуетті лицензиатқа тіркеу нысанын толтыру жолымен рұқсат етуші құжаттарды алуға тапсырысты беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл «электрондық үкімет» Шлюзы арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда, оның үрдісінде рұқсат етілетін құжаттың түрі бойынша тапсырыс өкілетті органға – лицензиарға жіберіледі.
Бүгінгі күні кез келген пайдаланушы «Е-лицензиялау» www.elicense.kz Мемлекеттік деректер қоры сайтына кіре алады, онда жобаның мақсатары мен міндеттері қысқаша таныстырылуы берілген. Порталдың негізгі бетінің сол жақ панелінде мемлекеттік органдардың – лицензиарлардың тізбесі бейнеленген. Мұнда лицензиялау қызметіне қатысты, лицензиялау ережелері, әлеуетті лицензиаттарға біліктілік талаптар және лицензияланған қызметтің әрбір түрі бойынша лицензиялық жинақ мөлшерлемелері жөніндегі ақпарат берілген.
Негізгі беттің төменгі панелінде пайдаланушы үшін мынадай блоктар қол жеткізілімді:
- «Жаңалықтар», мұнда лицензиялау саласындағы соңғы хабарлар жаңартылады;
- «Сұрақтар мен жауаптар», мұнда кез келген пайдаланушы лицензиялау саласындағы мәселелер бойынша сарапшылардың кеңесін ала алады;
- «Шағымдар мен ұсыныстар», мұнда пайдаланушылар ҚР лицензиялау саласына өз түсініктемелерін қалдыра және өзінің ұсыныстары мен тілектерін бөлісе алады;
Оң жақ блокта Сіз үшін нормативтік-құқықтық база саласындағы ақпараттар қол жеткізілімді. Сіз өзіңізге «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын таба және шығара аласыз. Заңға сәйкес лицензияны алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бөлек енгізілген.
Одан басқа, берілген лицензияны іздеу мақсатында лицензиялау бойынша жалпы тізілімге өтініш білдіруге мүмкіндік беретін функционал іске асырылған.
«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қорына бар болғаны бір рет ғана тіркелсеңіз, Сіз, Қазақстан Республикасы бойынша қандай да бір мемлекеттік органға - лицензиярға электрондық өтінішті үнемі беруге құқылысыз.
Өтініш берілген «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қорының мәртебесін, Сіз электрондық адреске хабарламаны алу жолымен, немесе порталдағы электрондық істің мәртебесін қарап көрумен қадағалай аласыз.
Сізге әрбір кезде лицензия алу үшін құрылтайшылық сипаттағы құжаттарды даярлау қажет емес (Жарғы, мемлекеттік тіркеу мен салық төлеушіні есепке қою туралы куәлік және т.б.), себебі тіркелген кезде олар «Е-лицензиялау» деректер қорына енгізіледі және жүйеге кейінгі өтініш білдірген кезде қол жеткізілімді.
Мемлекеттік «Е-лицензиялау» деректер қоры кәсіпкерлерге, азаматтарға, әсіресе қашық облыстардан келгендерге, Интернет бойынша элекрондық форматта лицензиялау үшін қажетті құжаттарды беруге мүмкіндік береді. Осы жүйенің пилоттық жобасы үш мемлекеттік органдарда енгізілген, зерттеу нәтижелері бойынша жүйе барлық Республика бойынша енгізілетін болады.