
Билік пен халықтың қарым-қатынастарындағы делдалдардың болмауы
Қазақстанның демократиялық қоғамы үшін қалыпты
жағдай болып қалыптасуда. Мемлекеттің күнделікті жұмыста ақпараттық
технологияларды қолдануы елеулi жемiстер беруде: көпшілік мемлекеттiк қызметтер
кез келген қазақстандыққа Интернет желiсінде қол жетімді.
Кез келген электрондық қызметті алу үшін -
«электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк анықтама болсын, электрондық
мемлекеттік сатып алуда саудаға қатысу немесе мемлекеттік органдарда
электрондық өтініштерге қол қою болсын, оған электрондық әлеммен өзара іс-қимылының
алғашқы қадамы ретінде міндетті түрде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) бар
болуы міндетті.
ЭЦҚ - жеке немесе заңды тұлғаның электронды
құжатқа заңды күш беру үшін өзінің қойған қолына ұқсастығы. Құжаттардың заңды
маңыздылығын растау үшін құрал ретiнде оны қолдану бiздің өмiрімізде қалыпты
жағдай болып қалыптасуда. ЭЦҚ құжаттардың тұтастығын тексеруді, құпиялылықты,
құжатты жөнелткен тұлғаны анықтауды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегiнде,
дайындау, жеткiзу, есебін жүргізу және электрондық құжаттарды сақтау рәсімдеуін
жетiлдiрiлiп, олардың нақтылығынның кепiлдiлілігіне мүмкiндiк бередi.
ЭЦҚ-ны онлайн режимінде алуға болады ( www.pki.gov.kz. немесе www.e.gov.kz сайтында). Сайтта ЭЦҚ-ны жеке немесе заңды
тұлғалар үшін алу жөніндегі нұсқаулық орналасқан.
Қолтаңбанын қалыптастыру үшін басты шарт -
жеке тұлғада Жеке сәйкетендіру нөмірінің (ЖСН), сондай-ақ заңды тұлғада
Бизнес сәйкетендіру нөмірінің (БСН) бар болуы болып табылады. Одан басқа,
тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылатын болатын дербес
компьютерге қойылатын ең аз техникалық талаптар ескерілген.
ЭЦҚ-ны алу рәсімі кезінде қажетінше
пайдаланушыға 8-800-080-7777 техникалық қолдау телефоны немесе support@pki.gov.kz электрондық пошта құралдары бойынша консультативті қолдау көрсетіледі.
Электрондық қолтаңбаны берумен Ұлттық куәландыру орталығы айналысады, ол
тұрғындардың ауқымды жігін қамту мақсатында жалпыға бірдей ашық кiлттер
инфрақұрылымымен қамтамасыз ету үшін 2008 жылғы 29 қазанда ашылған болатын.
Ұлттық куәландыру орталығы өңірлерде ХҚО-да орналасқан Тіркеу
орталықтарының желісі арқылы ұсынылған. Бүгінгі күні осындай орталықтардың
саны отызға жуық саналады.
Бүгiнгi таңда, өкiнiшке орай, Ұлттық куәландыру орталығымен берілген ЭЦҚ
тұрғындардың тек қана аз бөлiгiнде - 200 мыңнан сәл ғана аса пайдаланушыда бар.
Күнделікті ЭЦҚ ұсташылардың ағыны 700 ден 1000 адамға дейінгіні құрайды, жалпы
алғанда бір айда 10 мың адам. Соңғы жылдардағы көрсеткiштердің жоғары өсіміне
қарамастан, ЭЦҚ берудiң қарқындары жақын үш жылда анағұрлым серпінді болады.
2012 жылға дейiн пайдаланушылардың санын жуық шамамен бiр жарым миллионға дейiн
өсіру жоспарлануда. ЭЦҚ алуда өте белсендi өңірлер Алматы, Астана қаласы,
Оңтүстiк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары болып саналады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны
қолданудың аумағы көлемдi. Кез-келген азамат «электрондық үкiмет» порталында 59 электрондық мемлекеттің
қызметтері мен сервистерінің біреуін (www.e.gov.kz)
пайдалана алады. Заңды тұлға немесе жеке кәсiпкердің (www.goszakup.kz)
электрондық мемлекеттiк сатып алуларға қатысуға толық құқылы. Осы уақытта Ұлттық
куәландыру орталығымен 12
ақпараттық жүйе ықпалдасты.