Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталы- бұл ішкі корпоративтік ақпараттық жүйе:
• мемлекеттік қызметшілерді ұжымдық жұмыстың құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;
• ұйымдық міндеттердің шешімі;
• ақпарат алмасу;
• Үкіметтің іс-шаралар жоспарларын орындаудың мониторингі үшін арналған.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталы»- жобасының мақсаты, бұл:
• заманауи технологиялардыы пайдаланумен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық өзара  
іс-қимылының тиімді механизмін құру.
• мемлекеттік қызметшілерге ақпараттық ресурстар кең спектріне «бірыңғай қол жеткізілім нүктесін»: деректерді және сервистерді беру.
Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде жобаның пилоттық аймағындағы 
6 мемлекеттік органға енгізілді: 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 6 мемлекеттік органы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-портал серверіне қосылды. Пилоттық аймақтағы мемлекеттік органдардың 54 қызметкері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталына жұмысқа оқытылды.
ҚР Президент Әкімшілігі ақпараттық жүйелерімен сілтемелік ықпалдасулар өткізілді 
2008 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік органдарының Интранет-порталы» ақпараттық жүйесі тұрақты пайдалануға тапсырылды.
2009 жылы: 
- БКО арқылы мемлекеттік органдардың Интранет-портал серверіне қосылуымен ҚР мемлекеттік органдарының 29 орталық аппараттарында мемлекеттік органдардың Интранет-порталын енгізу;
- 16 облыстық әкімдіктердің орталық аппараттарын, оның ішінде мемлекеттік органдардың Интранет-порталына кейінгі енгізуімен және қосуымен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерін БКО-на қосу;
- порталда жұмыс жасауға 2000 кем емес мемлекеттік қызметкерлерді оқыту;
- мемлекеттік органдардың Интранет-порталы жұмыс істеуінің нормативтік базаларын дамыту жоспарлануда.