
ЭҚАБЖ-заманауи мемлекеттік қызметшінің органайзері
Президенттің Жарлығымен бекітілген «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құжаттарды даярлаудың, тіркеудің, құрылымдаудың, сақтаудың, мұрағаттаудың, іздеудің, өңдеудің, қол жеткізілімді бақылаудың, шығарудың және жіберілімнің автоматтандырылған технологиялық үрдістерін автоматтандыру міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйелерін (ЭҚАБЖ) құру жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталған болатын.
Осы жобаның мақсаты мемлекеттік органдарда іс жүргізу үрдістерінің тиімділігін және мөлдірлігін арттыру болып табылады. ЭҚАБЖ жобасын іске асыру барысында негізгі жұмыстар электрондық құжат айналымы нормативтік-құқықтық базаларын қалыптастыруға, ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеуге, мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ енгізу үшін техникалық шарттармен қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ енгізу мен әкімшілендіруге және ЭҚАБЖ пайдаланушыларын оқытуға бағытталған бес бағытта жүргізілген болатын.
Осы жобаны іске асыру нәтижелері бірінші кезекте – ЭҚАБЖ жұмыс істейтін 77 ішкі жүйелері шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаларды қолдануымен мемлекеттік ауқымда жедел электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйелерін құру болып табылады, оның 65-і ведомствоаралық электрондық құжат айналымына қатысады;
екіншіден, мемлекеттік органдарда іс жүргізу үрдістерін айқын құрылымдау, оларды бірыңғай тәртіпке келтіру;
үшіншіден, құжаттарға үздіксіз және тиімді қол жеткізілімді ұйымдастыру жолымен мемлекеттік қызметшілер жұмысын оңтайландыру, қажетті ақпаратты қадағалау және іздеу жөніндегі ескі операцияларды автоматтандыру, құжат айналымы есептерін қалыптастыру;
және қортындысында, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен электрондық құжаттар арқылы мемлекеттік органдармен азаматтардың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін «электрондық үкімет» веб-порталы, ЭҚАБЖ және Ұлттық куәландыру орталығы арқылы мемлекеттік билік органдары мен азаматтардың диалогы механизмін құру.
ЭҚАБЖ мемлекеттік органдарда енгізу 5 жыл бойы жүрді, бүгінгі күні 8000 астам мемлекеттік қызметшілер оқытылды.
Электрондық цифрлық қолтаңбалар қол қойылған электрондық құжат айналымның көлемі 2006 жылы 7460 құжатты, 2007 жылы-36 574, 2008 жылы-133 199 құжатты құрады, бұл ЭҚАБЖ қатысушы - мемлекеттік органдардың бағытына жататын, құжаттардың санынан хат-хабардың орта есеппен 84,99% құрайды.
Жобаны сүйемелдеу шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз етуді оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, ЭҚАБЖ пайдаланудың қолайлығы үшін басшының автоматтандырылған жұмыс орны әзірленді.
Оңтайландыруды тестілеудің нәтижелері ЭҚАБЖ-де деректерді өңдеудің жылдамдылығын арттыру орта есеппен 30% көрсетті.
Сауалнаманы жүргізген кезде қызметшілердің 90% ЭҚАБЖ күнделікті жұмыста пайдаланылатынын белгіледі, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 65 % ЭҚАБЖ қолдануда қиналмайтынын, олардың ішінде 89% ЭҚАБЖ құжаттарды іздеу жолын жеңілдеткенін атап өтті, мемлекеттік қызметшілерлерге электрондық түрде құжаттың бар болуы 83,7% жұмысқа көмектеседі, 43% мемлекеттік қызметшілер құрылымдық түрде ЭҚАБЖ-да ақпараттарды ұсынуды атап өтті, сондай-ақ олардың жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесетін құжаттарды алушы-мемлекеттік органдарда құжаттарды өткізу туралы белгісі, жауап алынған респонденттердің 87% ЭҚАБЖ-гі құжат айналымының автоматтандырылған статистикалық есептілігіне риза.
ЭҚАБЖ енгізу, мемлекеттік ауқымдағы басқадай кез келген жүйе сияқты мемлекеттік органдарда тиісті техникалық базаның бар болуы қажеттілігінің бастапқы кезеңінде проблемалық мәселелердің шешімінсіз болмады, психо-эмоционалдық адами факторды жеңу қажет болды.
Мемлекеттік органдардың басшылығы құрамын қолдау мен түсіну айтарлықтай маңызды мағынаға ие.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы ЭҚАБЖ Жобасы басқадай елдер үшін де жағымды үлгі болады деп батыл мәлімдеуге болады.
Сонымен бірге, қол жеткізгенмен тоқтап қалуға болмайды, әрқашан бұдан былай дамытуға және жетілдіруге орын бар.
Жақын арада жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) тартылуымен ЭҚАБЖ қатысушыларының құрамын кеңейту жоспарлануда.