Баcшылық туралы

Оразбек Асхат Елубайұлы
Басқарма Төрағасы

2010 жылғы маусымнан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін математик, инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша бітірді. Университетті бітірген соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы қолданбалы математика институтында, кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігінде, сондай-ақ жеке секторда мамандығы бойынша жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі болды.

2006-2008 жылдары «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, 2008 - 2010 жылдары «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК бірінші басшысы болып жұмыс атқарды.

ruk

Жүкенов Амангелді Серікбайұлы
Басқарма төрағасының орынбасары

2010 жылғы сәуірден бастап сервистік бағыт бойынша Басқарма Төрайымының орынбасары қызметін атқарады. Аграрлық университеттің «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша дипломы, «Тұран» университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. Түрлі жылдарда Қазақстан Республикасы ақпараттық жүйелерін дамыту бойынша ірі мемлекеттік және ұлттық компанияларда жұмыс істеді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі, сервистік және телекоммуникациялық қызмет көрсетуі, «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» және «Адрестік тіркелім» мемлекеттік деректер қорын құру, сондай-ақ Data-орталық қызметін насихаттайды.

Мынадай құрылымдық бөлімшелердің жұмысын басшылыққа алады:

  • Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті;
  • Техникалық қызмет көрсету департаменті;
  • Серверлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету департаменті;
  • Ашық кілттер инфрақұрылымы департаменті;
  • АТ-сервистерді басқару орталығы.


ruk

Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы
Басқарма төрағасының орынбасары

2010 жылғы сәуірден бастап жобалық бизнес бойынша Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарады. Басқару институтының экономика және менеджмент бакалавры дәрежесі бар, сондай-ақ Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығымен (IPMA) берілген жобаларды басқару кәсіпқойы сертификаты бар. Түрлі жылдарда ірі ұлттық компанияларда жұмыс істеді.

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымын басқарудың мәселелерін, мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерді беруі бойынша жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ электрондық қызметтерді жетілдіру және танымалдандыру мәселелерін насихаттайды.

Келесі құрылымдық бөлімшелердің жұмысына басшылық етеді:

  • Құзыреттілік орталығы
  • Консалтинг департаменті
  • Жобалық офис
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаменті.


ruk

Чернооков Виктор Григорьевич
Басқарма төрағасының орынбасары

1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола Аграрлық университетін аяқтады, сондай-ақ «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Тұран-Астана» университетінің дирломына ие.

1997 жылдың ақпанынан бастап 1999 жылдың мамыры бойынша Ақмола облысы Әкімінің Аппаратында жетекші маман болып жұмыс атқарды. 1999 жылдың мамырынан бастап  2002 жылдың қыркүйегі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаментінде бөлім бастығы. Бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары (2002-2006 жж.), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық қызметер департаментінің директоры (2006-2008 жж.). 2008 жылдың сәуірінен бастап 2010 жылдың маусымы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс отырып, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2010 жылдың маусымы бойынша «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер жөніндегі Басқарушы директорының қызметін атқарды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс жасаған мерзімінде мынадай жобаларға басшылық етті:

  • Электрондық үкіметтің web-порталы.
  • «Электрондық үкіметтің шлюзі» АЖ.
  • Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы.
  • «Төлемді шлюз» АЖ
  • Электрондық үкімет порталының wap болжамасы.
  • Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ведомстволық жүйесі АБА РҚБЖ.

Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған жаңа орташа жедел мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысты.

Электрондық үкіметтің web-порталында ҚР азаматтарымен Мемлекет Басшысының on-line интернет конференцияларын дайындаумен және өткізумен айналысты. «Мәдени мұра» порталын әзірлеуге басшылық етті.

Мынадай бөлімдердің жұмыстарына басшылық етеді:

  • ЭДАБЖ департаменті;
  • Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті;
  • ТО үйлестіру және дамыту департаменті;
  • Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы;
  • Техникалық қызмет көрсету департаменті. 

 


ruk

Легкая Любовь Николаевна
Қаржы директоры

2010 жылғы сәуірден бастап компанияның қаржы директоры лауазымын иеленді. «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызмет сараптамасы бойынша экономист» бакалавры дәрежесі бар. Сондай-ақ САР бағдарламасы бойынша бухгалтер-практик сертификатын иеленген.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қаржылық қызметінің мәселелерін насихаттайды.

Келесі құрылымдық бөлімшелердің жұмысына басшылық етеді:

  • Бухгалтерии;
  • Бюджеттеу және қаржылық-экономикалық сараптама басқармасы;
  • Келісім-шарт бөлімі.


ruk

Досымкұлов Досжан Мүслім-Әлиұлы
Атқарушы директор

Білімі:
2001 жылдан бастап 2004 жыл бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті, мамандығы – «Информатика»;
2004-2006 жж. Орталық-Азия университеті, мамандығы – «Бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету».

2005 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Ақпараттық жүйелерге сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру басқармасының жетекші маманы қызметіне жұмысқа қабылданды, бұдан әрі мынадай лауазымдарды атқарды:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіруге бюджет директоры;
- Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары.

2010 жылдың маусымынан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Атқарушы директор қызметінде.

Мынадай бөлімдердің жұмыстарына басшылық етеді:

  • Жалпы бөлім;
  • Сатып алулар бөлімі;
  • Лингвистикалық қолдау бөлімі;
  • Бұқарамен байланыс бөлімі;
  • Заң бөлімі;
  • ұжаттандыруды қамтамасыз ету бөлім.

 

ruk