Skip to main content

Middle/Senior бизнес-аналитигі

Міндеттері:

  • Бизнес-процестерге зерттеу жүргізу: талаптарды жинау мен талдау;
  • Процесс схемаларын әзірлеу;
  • Зерттеу туралы есептерді дайындау, ТТ, техникалық жобаларды әзірлеу мен келісу;
  • Бекітілген функционалдық блок бойынша жұмыстарды жоспарлау;
  • Әзірлеушілерге, дизайнерлерге тапсырма беру;
  • Ақпараттық жүйені орнату;
  • Функционалдылықты тексеру;
  • Пайдаланушы нұсқаулықтарын әзірлеу.

 

Қойылатын талаптар:

  • Аналитика саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибенің болуы;
  • IT-жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы;
  • Бизнес-талдау әдіснамасын білу;
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы стандарттарды білу;
  • Талаптарды басқару процестерін білу;
  • Жалпы БҚ әзірлеу процестерін білу;
  • Аналитикалық ойлау қабілеттің болуы, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және шешімдерді ұсына білу
  • Microsoft (Excel, Project, Word, PowerPoint), draw.io, Figmа - мен жұмыс істеу тәжірибенің болуы;
  • Процестерді сипаттау белгілерін білу (UML/BPMN);
  • Сауатты ауызша сөйлеу және жазу;
  • Келіссөздер жүргізуді және ресми хат жазуды білу;
  • ІТ саласында сертификаттың болуы;
  • Интеграциялық өзара іс-қимылдармен, атап айтқанда, ЭҮШ-пен жұмыс істеу тәжірибесі.

 

Компания төмендегілерді ұсынады:

  • қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін жоғарылату курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
  • заманауи және ыңғайлы кеңсе;
  • елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Шарттар:

Жұмыс жағдайы:

  • жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
  • жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.

Region:
Астана
Leave a request and we will contact You!

Status message

Sorry… This form is closed to new submissions.