Даму стратегиясы
Компанияның миссиясы:
азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру үшін «электрондық үкіметтің» экожүйесін дамыту және оны «цифрлық» экржүйеге көшіру.
Компанияның пайымы:
«цифрлық үкімет» экожүйесінің және мемлекеттік басқару саласындағы IT-шешімдердің операторы.
Стратегиялық бағыт
Миссиясы мен пайымы негізінде қызметтің мынадай стратегиялық бағыттары айқындалды:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
1-мақсат. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік желісін дамыту
2-мақсат. Қоғамның деректерді өңдеу орталықтарын дамыту
3-мақсат. «Электрондық үкіметтің» бұлтты ақпараттық-коммуникациялық платформасын құру (дамыту)
2. Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыруы, өмірлік және бизнес ахуалдарды цифрландыру кезінде қоғамның рөлін арттыру
1-мақсат. Деректерді басқару
2-мақсат. ЭҮ АКП-да орналастырылған ЭҮ АО-ның сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
3-мақсат. Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру
3. Қоғам қызметінің тиімділігі мен іскерлік бедел деңгейінің өсуі
1-мақсат. «ҰАТ» АҚ HR-брендінің танымалдығы мен тартымдылығын арттыру
2-мақсат. Кірістердің өсуі және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
3-мақсат. Экспорт