Skip to main content

Ұлттық ұлан қызметкерлері үшін қызмет орнынан анықтаманы алу енді онлайн түрде қолжетімді

Енді ІІМ Ұлттық ұланының қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы қызмет орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.

Қызмет тегін ұсынылады және тек ҚР Ұлттық ұланының қызметтегі әскери қызметшілеріне ғана қолжетімді. Өтінім толтырылған кезде қызметкердің қызмет орны туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы расталса, анықтама автоматты түрде қалыптасады және өтінімнің мәртебе бетінде жүктеу үшін қолжетімді болады.

Қызметті пайдалану үшін:

  • пайдаланушы eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Әскери есеп және қауіпсіздік» – «Әскери қызмет» бөлімін таңдау керек;
  • «ҚР Ұлттық ұланының «жұмыс (қызмет) орнынан анықтама» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
  • «Келесі» батырмасын басып, өтінімді қол қою тәсілдерінің бірімен растау керек;
  • қызметтің нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Егер өтініш беруші ҚР Ұлттық ұланының қатарында болмаса, жүйе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жауап береді. Құжаттың қолданылу мерзімі – 10 күнтізбелік күн.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.