Хабарландыру
Әлеуетті жеткізіп берушілер үшін. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. 2020 жылдың 24 ақпаннан бастап, сатып алу рәсімдері Еуразиялық электронды порталы https://eep.mitwork.kz/ (MITWORK ЖШС операторы) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Сатып алуға қатысу үшін сіз осы порталда тиісті тіркеуден өтуіңіз керек.

Бүгін:

Қызметтер

АК қызметтер

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) өзінің клиенттеріне ақпараттық міндеттерді бағдарламалық қамтылым және жоғарғы класты жабдықтарды, Тапсырыс берушінің дербес міндеттерін шешуге нақты бағытталған, бірыңғай аппараттық-бағдарламалық кешеніне интергациялау негізінде, кешенді шешу жөніндегі қызметтерін ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына сәйкес, «ҰАТ» АҚ «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып анықталды және келесі қызметтерді көрсетеді:

-  «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін сүйемелдеу;

-  интернет-ресурстарды қолдап отыру;

-  «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

-  ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жалдау (хостинг, co-location);

-  бағдарламалық қамтылымды жалдау.

1.  АК-инфрақұрылым объектілерін қолдап отыру

«ҰАТ» АҚ технологиялық платформаларының ақпараттық жүйелерін, аппараттық-бағдарламалық кешендерін, телекоммуникация желілері, сондай-ақ техникалық құралдар мен ақпараттық қауіпсіздіктің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету жүйелерін қолдап отыру қызметтерін көрсетеді.

АК-инфрақұрылым объектілерін сүйемелдеу бойынша келесі қызметтерді көрсетеді:

-  ақпараттық жүйелерді қолдап отыру;

-  ақпараттық жүйені әкімшілендіру;

-  ақпараттық жүйе қолданушыларын қолдау және сүйемелдеу;

-  ақпараттық жүйені талдау;

-  жабдықтарды әкімшілендіру;

-  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2.  Интернет-ресурстарды сүйемелдеу

«ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдарға, интернет-ресурстарды функционалдық-техникалық қолдап отыру бойынша келесі қызметтерді көрсетеді:

-  интернет-ресурстарды бағдарламалық қолдап отыру;

-  домендік атауды тіркеу және қолдау;

-  интернет-ресурсты контенттік қолдап отыру;

-  АР құжаттамаларын әзірлеу және әдістемелік қолдау;

-  операциялық жүйелерді, дерекқорларды және ҚБҚ әкімшілендіру;

-  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

3.  АК-инфрақұрылымын жүйелік-техникалық қызмет көрсету

Жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің мақсаты – аппараттық-бағдарламалық кешеннің, ақпараттық жүйе мен телекоммуникация желісінің үздіксіз жұмысын қамтамсыз ету болып табылады. Қызметтің құрамына келесілер кіреді:

-  ақпараттық жүйені әкімшілендіру;

-  оперативті қызмет көрсету;

-  техникалық қызмет көрсету;

-  жабдықтарды жөндеу және диагностика өткізу;

-  серверлерді, жүйелік бағдарламалық қамтылымды, қолданбалы бағдарламалық қамтылымды, операциялық жүйелерді әкімшілендіру;

-  ЖЕЖ/ҚКЖ желілерін әкімшілендіру;

-  жүйелік бағдарламалық қамтылымды, қолданбалы бағдарламалық қамтылымды және ақпараттық жүйені баптау, орнату/қалпына келтіру;

-  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

4.  АК-инфрақұрылымды жалға беру

АК-инфрақұрылымды жалға беру – өңдеудің есептеуіш ресурстарын орналастыру, сақтау, ақпаратты жіберу үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жалға алушысына төлем арқылы уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін түрде ақпараттық-коммуникациялық қызмет.

АК-инфрақұрылымды жалға беру аясында келесі қызметтерді көрсетеді:

Co-location – мемлекеттік органдардың серверлерін орналастыру – серверлік орталығындағы (СО)серверлік бағандарында немесе өңірлік деректерді өңдеу орталықтарында (ӨДӨО), ҚР мемлекеттік органдарының серверлік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды орналастыру үшін орын беру.

Серверлер хостингі – виртуалды машинасын бөлу қызметі қызмет алушының сервистері мен жүйелерін Оператордың СО-да немесе ӨДӨО-да орналастыру үшін операциондық жүйесі орнатылған, бір виртуалды сервер шеңберінде сұрау салуы бойынша масштабталған есептеуіш инфрақұрылымы болып саналады.

5.  Бағдарламалық қамтылымды жалға алу

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтылымды және сервистік бағдарламалық өнімдерді төлем арқылы уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін түрде ақпараттық-коммуникациялық қызмет.

6.  Бірыңғай байланыс орталығының қызметтері

Қызмет алушыларға мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету мәселелері, сонымен қатар, мемлекеттік органдарға - ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету мәселелері бойынша ұсынылатын ақпараттық-анықтамалық қызмет.

Бірыңғай байланыс орталығының қыметтеріне:

-  жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік және басқа да қызметтерін көрсету мәселелері бойынша, тәуліктік консультациялық қолдап отыру;

-  мемлекеттік органдарға, оларға көрсетілетін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер мәселелері бойынша, тәуліктік консультациялық қолдап отыру;

-  жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға, «электрондық үкімет» мәселелері бойынша, тәуліктік консультациялық қолдап отыру кіреді.

7. Мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға байланыс қызметтерін көрсету

«ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға байланысты ұйымдастыру қызметтерін келесі бағыттар бойынша көрсетеді:

- Байланыс қызметтері:

- сымсыз/жерсеріктік/жерүсті инфрақұрылымы негізінде, мемлекеттік органдарының біріңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы, «Виртуалды дербес желсі» технологиясы бойынша деректерді табыстау;

- Интернетке қатынау, IP-телефония;

- Желіаралық қауіпсіздігін ұйымдастыру.

- Бейнеконференц-байланыс сеансын өткізуді ұйымдастыру қызметі

- Онлайн көрсетілім өткізуді ұйымдастыру қызметі.

- мемлекеттік органдарының, ақпараттандырудың криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) қолдана отырып, қорғалған байланыс арнасын ұйымдастыру қызметі.

8. Бейнеконференц байланасы сеанстарын жүргізу қызметі

Бейнеконференц байланысы – есептеу техникасының аппаратты-бағдарламалық құралдарының көмегімен шынайы уақыт режимінде қалыпты сөз сөйлеуден, мәтінді және көру ақпаратымен алмасудан тұратын адамдардың арасындағы «жанды» байланыс сеансы.

Біздің компания ҚР жоғары лауазымды тұлғалары, ҚР жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары үшін бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді, ТМД шеңберінде, Еуразия экономикалық комиссия, Еуразиялық банкті дамыту және басқалары шеңберінде шет мемлекеттерінің қатысуымен бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді.

Қызмет 2009 жылдан бастап көрсетіледі.

9. Онлайн-трансляциялауды жүргізу қызметі

Онлайн трансляциялау – шынайы уақыт режимінде мемлекеттік органдардың онлайн ресурстарына Интернет арқылы дыбыс, бейне контентін беру қызметі. Үлкен аудиторины қамтуға арналған.

Біздің компания ҚР жоғары лауазымды тұлғалары және ҚР орталық мемлекеттік органдары үшін онлайн трансляциялау қызметін көрсетеді.

Онлайн трансляциялау қызметі интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде ашық отырыстарды көрсету үшін мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Қызмет 2010 жылдан бастап көрсетіледі.

Хостинг

Ақпараттық жүйелердің резервтік көшірмелерінің қорғалған сақталуын қамтамасыз ету. Мұрағаттық электрондық көшірмелердің бірыңғай қоймасын құру...

Толығырақ
Яндекс.Метрика