Хабарландыру
Әлеуетті жеткізіп берушілер үшін. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. 2020 жылдың 24 ақпаннан бастап, сатып алу рәсімдері Еуразиялық электронды порталы https://eep.mitwork.kz/ (MITWORK ЖШС операторы) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Сатып алуға қатысу үшін сіз осы порталда тиісті тіркеуден өтуіңіз керек.

Бүгін:

АК қызметтер

Виртуалдық машинаны бөлу қызметі (Хостинг)

Виртуалдық машинаны бөлу қызметі қызметті алушының сервистері мен жүйелерін орналастыру үшін орнатылған операциялық жүйелі бір виртуалдық сервер шеңберіндегі сұраным бойынша ауқымдандырылатын есептеу инфрақұрылымын ұсынады.

Қызмет шеңберінде қызмет алушыға виртуализация жүйесімен басқарылатын бағдарламалық-аппараттық кешенде жұмыс істейтін оқшауланған операциялық жүйені өзіне қосатын машинаны сұралған ресурстар конфигурациясы бойынша және басқаруына сәйкес виртуалдық машина беріледі.

Қызметтің артықшылығы қызметті алушының сұранысы бойынша оператор өндіретін есептеу ресурстарын жылдам ауқымдандыру; АТ инфрақұрылымында сенімділікті және бас тарту нүктелер санын азайту есебінен  бас тартуға төзімділікті арттыру болып табылады.

Қызмет ретіндегі ДӨО (Data-center as a Service, DCaaS, co-location)

ДӨО ретіндегі қызмет – бұл қызметті алушылардың АТқұрал-жабдықтарын оператордың дата-орталығындағы тұғырларға физикалық орналастыру бойынша қызметтер кешені. Серверлік құрал-жабдықты орналастыру дегеніміз - оператор аумағында ҚР мемлекеттік огргандарына тиесілі серверлік және телекоммуникациялық құрал-жабдықты орналастыру үшін серверлік тұғырлардан орын беру, ал ол өз кезегінде:

- құрылғының физикалық сақталуын, видеобақылауды;

- құрылғыны үздіксіз электрмен жабдықтау, негізгі электр мен жабдықтауға  тәуелсіз екі қамтамасыз ету көзі, үздіксіз қоректендіру көздері және резервтік дизель-генератормен;

- климатты бақылау, құрылғы үшін қоршаған орта параметрлерін қолдаумен;

- құрылғыға және оның техникалық күтім көрсетуіне авторландырылған қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

(co-location) Серверлік құрал-жабдықты орналастыру тапсырыс берушінің құрал-жабықтарын орнату үшін серверлік тұғырдан орын беру (әрбір айсайынғы төлемнен 1 юниттан), 42U серверлік тұғырын беру арқылы жүргізіледі (әрбір ай сайынғы төлем мен жалға алу қызметі).

Қызметті алушылардың құрал-жабдықтарына қолжеткізуді қамтамасыз ету мақсатында байланыс қызметі беріледі:

- Интернетке және пирингілік желілерге қолжетімділікті беруге (трафикті және/немесе қол жеткізу жылдамдығын төлеумен);

- кепілдендірілген байланыс арналарын беру;

- IP-мекенжайларды беру (1-уіне немесе кіші желіге).

Қызметтер шеңберінде талап етілуі бойынша берілетін қосымша қызметтер қосымша электр қуатын бөлу (кВт үшін*сағ/ай.), АТ күтім көрсету (қашықтан, адам-сағатүшін) болып табылады.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылу арқылы мемлекеттік органдардың виртуалды жеке желісін ұйымдастыру қызметі (МО БКО) IP/MPLS (бұданәрі - IP VPN қызметі) технологиясы негізінде МО виртуалдық жеке желісін ұйымдастыру қызметі бұл деректерді жіберу желісінде қорғалған корпоративтік IP желілер ұйымдастыру бойынша қызмет. Бұл қызмет арналық деңгейде коммутациялық құрамды кешенді қолдану және желілік деңгейде бағдарлау арқасында, барынша икемді әрі ауқымдылығымен сервистің қауіпсіздігімен сапасының жоғары деңгейін қамтиды.

Қызметке күтім көрсету нұсқалары: 24х7х365

Қолжетімділігі: 99,99%, қызметтің кідіруінің барынша көп уақыты  - жылына 1 сағаттан артық емес.

Бейнеконференц байланасы сеанстарын жүргізу қызметі

Бейнеконференц байланысы – есептеу техникасының аппаратты-бағдарламалық құралдарының көмегімен шынайы уақыт режимінде қалыпты сөз сөйлеуден, мәтінді және көру ақпаратымен алмасудан тұратын адамдардың арасындағы «жанды» байланыс сеансы.

Біздің компания ҚР жоғары лауазымды тұлғалары, ҚР жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдары үшін бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді, ТМД шеңберінде, Еуразия экономикалық комиссия, Еуразиялық банкті дамыту және басқалары шеңберінде шет мемлекеттерінің қатысуымен бейнеконференц байланысы қызметін көрсетеді.

Қызмет 2009 жылдан бастап көрсетіледі. 

Онлайн-трансляциялауды жүргізу қызметі

Онлайн трансляциялау– шынайы уақыт режимінде мемлекеттік органдардың онлайн ресурстарына Интернет арқылы дыбыс, бейне контентін беру қызметі. Үлкен аудиторины қамтуға арналған.

Біздің компания ҚР жоғары лауазымды тұлғалары және ҚР орталық мемлекеттік органдары үшін онлайн трансляциялау қызметін көрсетеді.

Онлайн трансляциялау қызметі интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде ашық отырыстарды көрсету үшін мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Қызмет 2010 жылдан бастап көрсетіледі.

Ақпараттандыруды криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын құру қызметі АКҚҚ)

АКҚҚ қызметі IP желілерде жіберілетін ақпараттарға санкцияланбаған қолжеткізудің алдын алуға және жүзеге асырылған криптографиялық функциялар көмегімен оның тұитастығын бақылауға арналған.

Қызметке күтім көрсету нұсқалары: 24х7х365

Қызметтің қолжетімділігі:99,99%, қызметтің кідіруінің барынша көп уақыты  - жылына 1 сағаттан артық емес.

  Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер құны






Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер түрі

Құны, теңге (ҚҚС есептемегенде)

1

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жалға алу қызметі


1.1.

Виртуалдық машинаны бөлу қызметі (Хостинг)



процессорды жалға алу ( абоненттік төлем)

  3 103,67 


жадыны жалға алу (ЖҚҚ) (абоненттік төлем)

  914,68 


дискілік кеңістікті жалға алу (абоненттік төлем)

  82,13 

1.3.

Қызмет ретіндегі орталық мемлекеттік органдарға арналған инфрақұрылым(Data-centerasaService, DCaaS, co-location)

Colocation 1U(абоненттік төлем)

  8 928,57 


Colocation 1 орын(абоненттік төлем)

  223 214,29 


Colocation 1 орын(абоненттік төлем)

  22 321,43 


1U жабдығын орнату ( бір реттік төлем)

  7 142,86 


1 жабдықты орнату (бір реттік төлем)

  196 428,57 


1 жабдықты орнату (бір реттік төлем)

  35 714,29 


Фидер қоректенуді жүргізу (бір реттік төлем)

  62 500,00 


Қызмет ретіндегі аймақтық мемлекеттік органдарға арналған инфрақұрылым (Data-centerasaService, DCaaS, co-location)



Colocation 1 орын  (абоненттік төлем)

  302 678,57 


Dedicated Server 1 орын/ сервер (абоненттік төлем)

  630 357,14 


Collocation орнату

  328 571,43 

1.5.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылу арқылы мемлекеттік органдардың виртуальды жеке желісін ұйымдастыру қызметі (МО БКО) (интернет қолжетімділігі, IP- телефония, желіаралық қорғанысты ұйымдастыру)

Сымсыз байланыс арнасын жалға алу, 1 порт үшін

Бірінші қосымша


Облыстық және республикалық деңгейде жерүсті байланыс арналарын жалға алу

Екінші қосымша


Juniper SRX 220 маршрутизатор көмегімен деректерді беру желілеріне желіаралық қорғаныс ұйымдастыру  1 дана

  18231 


Juniper SRX 100 маршрутизатор көмегімен деректерді беру желілеріне желіаралық қорғаныс ұйымдастыру  1 дана

  11394 


Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының спутниктік сегментінің байланыс қызметі

Үшінші қосымша


Спутниктік байланысты орнату бір реттік төлем

  214 980 

1.6.

Видео конференция байланыс сеанстарын өткізу қызметі

Бір нүктеге  Тапсырыш берушінің құрылғысында ай сайынғы абоненттік төлем

  330 753 


«ҰАТ» АҚ құрылғысында ай сайынғы абоненттік төлем

348 753

1.7.

Онлайн-трансляциялар өткізуді ұйымдастыру қызметі

Бір жерге ай сайынғы абоненттік төлем

230 885 

1.8.

Ақпараттандыруды криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын құру қызметі (АКҚҚ)

Мобильдік қорғалған арнаны ұйымдастыру үшін ай сайынғы төлем

  7 512 


Мобильдік қорғалған арнаның 1 комплектін енгізу үшін бір реттік төлем

  48 543 

3

Бағдарламалық қамтылымды жалға алу қызметі


3.1.

Кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі

  26 741 473 

3.2.

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі мен мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесінде жасалған электрондық құжаттардың қоймасы

  35 910 725 

 

Яндекс.Метрика