Хабарландыру
Әлеуетті жеткізіп берушілер үшін. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. 2020 жылдың 24 ақпаннан бастап, сатып алу рәсімдері Еуразиялық электронды порталы https://eep.mitwork.kz/ (MITWORK ЖШС операторы) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Сатып алуға қатысу үшін сіз осы порталда тиісті тіркеуден өтуіңіз керек.

Бүгін:

Компанияның стратегиясы мен миссиясы

Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің  4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.

2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29 бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118  Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.

Компанияның миссиясы – мемлекеттік органдар мен басқа мекемелерге ақпараттық-коммуникация қызметтерін көрсету арқылы Қазақстанның өркендеуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік тудыру.

Компанияның көрінісі – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл – кәсіби ұжым, төзімді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, қауіпсіздік, жаңа шешімдер.

Компанияның құндылығы:

Ұжым: Біздің бүгінгі күндегі және болашақтағы жетістіктеріміз - кәсіби, жауапты және жұмылдырылған команданы қалыптастыратын біздің барлық қызметкерлеріміздің ортақ жетістіктері.

Нәтижелілік: Біз нәтижені, алға қойған мақсатқа жетуді және қол жетімді  адами, технологиялық және техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануды басты орынға қоямыз.

Сапа: біздің жұмысымыздың нәтижелері тұтынушылардың талаптары мен үміт артатын нәтижелерін үнемі қанағаттандырады, себебі біздер көрсететін қызметтер сенімді, қолайлы және қауіпсіз. Біздің бірден сапалы нәтижені көрсете алатынымыз кәсібилілікке, міндеттерді тұтынушыларымыздың қажеттіліктері мен сұраныстарын дұрыс түсінуге негізделген.

Компания өз мақсаттары мен миссиясына қол жеткізу үшін үш басты стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жасайды:

1.  «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымын үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

1-ші мақсат. Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасы және деректерді өңдеу орталықтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

2-ші мақсат. Ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистердің қол жетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3-ші мақсат. Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету.

2.  Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету

1-ші мақсат.  Ақпараттық-коммуникация қызметтер тізіміне сәйкес жұмыс жасау.

3.  Компания жұмысының нәтижелілігін арттыру.

1-ші мақсат. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2-ші мақсат.  Адами ресурстарды басқару.

Сапа саласындағы саясат

Яндекс.Метрика