Құрметті әлеуетті жеткізушілер, сатып алу тарауына кірместен бұрын келесі құжаттамамен танысыңыз

Сатып алудың бірыңғай қағидаларынан үзінді

Баға ұсынысының үлгісі

×

Бүгін:

Новости

05.02.2019

Азаматтар кез келген құжатқа қашықтықтан қол қоя алады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру бойынша «ezSigner» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

«ezSigner» көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т. б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып,  қашықтықтан қол қоя алады.

Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын  орнату қажет.

«ezSigner» сервисінің бетінде Пайдаланушыға  «Құжатқа қол қою»  және «Құжатты тексеру» деген  екі функция беріледі.

Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.

«ezSigner» сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. «ezSigner» қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Пайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттік жағында болады.

Анықтамалық:

Қолтаңбаны тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы»  2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығына сәйкес барлық қажетті тексерулер орындалады.

Сервистермен жұмыс істеу жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қол жетімді.

* * * * *

«ҰАТ» АҚ- «электрондық үкімет» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және МО бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне ақпараттық-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау», «Е-техникалық байқау») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Яндекс.Метрика