Хабарландыру
Әлеуетті жеткізіп берушілер үшін. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады. 2020 жылдың 24 ақпаннан бастап, сатып алу рәсімдері Еуразиялық электронды порталы https://eep.mitwork.kz/ (MITWORK ЖШС операторы) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады. Сатып алуға қатысу үшін сіз осы порталда тиісті тіркеуден өтуіңіз керек.

Бүгін:

Новости

18.10.2021

Бала тууына байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны танымал қосымшалар арқылы онлайн алуға болады

Енді сіз жаңа туған нәрестеге жәрдемақыны Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы алуға өтініш бере аласыз.

«Біз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сервисінің аясын кеңейте отырып, оларды танымал қосымшаларға шығаруда белсенді жұмыс жасап жатырмыз, осылайша біз көрсетілетін қызметтерді халыққа ыңғайлы тәсілмен қолдануды таңдау мүмкіндігін ұсынуға тырысудамыз. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерді тіркеу мен көлікті қайта тіркеуді банктік қосымшалар арқылы жүзеге асырып жатырмыз, сондай-ақ қазір жаңа туған нәрестелерге жәрдемақыны смартфон арқылы  ресімдеуге болады»,- деді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

«Бірлескен пилоттық жобаны іске асырудың мақсаты - түпкі пайдаланушыға барынша қолайлы жағдай жасау. Бұл шара азаматтардың электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге деген сенімділіктерін арттырады деп сенеміз. Өз кезегінде, біз екінші деңгейлі банктермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ауқымын ұлғайту және сапасын жақсарту мақсатында әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екенімізді білдіреміз», - деді Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына байланысты тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақыға Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы өтініш беру үшін:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөліміне кіріңіз;

- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау қажет;

- «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз;

- өтініш берілетін баланың деректерін таңдаңыз;

- барлық деректерді тексеріңіз де, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.

Клиент өтінімді жіберіп, оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін клиентке PUSH хабарламасы жолданады мен өтініштің қарау нәтижесі мен тағайындалған жәрдемақы көлемі туралы SMS жіберіледі. Көрсетілетін қызмет түріне өтінішті бала туғаннан бастап 1 жыл ішінде кез келген уақытта жолдай аласыз.

Өтінішті алдын-ала ХҚКО, электронды үкімет порталы арқылы немесе 1414 нөмірі арқылы SMS сервиспен беруге болды.  Бұл қызмет жоғарыда аталған сервистер бойынша көрсетілетін ең танымал  қызметтердің бірі болып табылады және тұрғындар арасында сұранысқа ие. 2021 жылы ХҚКО арқылы - шамамен 344,134, eGov.kz порталы арқылы 144,751 және «1414» SMS қызметі арқылы 209,351 өтінім берілді.

Қазіргі уақытта Halyk Homebank пен Kaspi.kz ыңғайлы сервистерімен интеграциялаудың арқасында 500 -ден астам өтінім сәтті қабылданды. Қазіргі кезде көрсетілетін қызметке Kaspi.kz мобильді қосымшасында iO мен Android қолданушылары үшін және Halyk Homebank мобильді қосымшасында Android қолданушыларына қолжетімділік бар, iOS жүйесінде жақын арада пайда болады.

Жаңа функцияны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Ұлттық «Ақпараттық технологиялар» АҚ, Halyk Homebank және Kaspi.kz. бірлесе отырып жүзеге асырды.

Яндекс.Метрика