Skip to main content
  • Отбасы туралы мәліметтерді түзету сервисі eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

    Отбасы туралы мәліметтерді түзету сервисі eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

    Қазақстандықтар eGov mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет туу, неке тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.

    Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті.

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қазіргі уақытта 1414 байланыс нөміріне eGov.kz порталында «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызметінің қолжетімділігіне қатысты көптеген хабарламалар мен сұраныстар келіп түсіп жатыр.

  • Құрметті ата-аналар мен портал қолданушылары!

    Құрметті ата-аналар мен портал қолданушылары!

    Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеміз.