eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады. Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.