Оразмұхамедқызы Маржан

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған жылы мен күні: 1987 жылғы 9 қазан.
Азаматтығы:Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2026 жылғы 13 шілде.
Директорлар кеңесінің мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүше болуы:
· Сервистердің және АТ-инфрақұрылымының істен шығу тұрақтылығы комитетінің төрағасы;
· Аудит комитетінің мүшесі;
· Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі;
· Кадр және сыйақылар комитеттің мүшесі.
Білімі:
2009 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітіріп, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры дәрежесін алды.
2011 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін бітіріп, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесін алды.
2022 жылы Nazarbayev University-ді бітіріп, Executive Master of Business Administration (Executive MBA) дәрежесін алды. Бағдарлама аясында the Fuqua School of Business, Duke University (АҚШ) халықаралық модульдерін Global Management-те Graduate Certificate тағайындаумен сәтті аяқтады.
Еңбек тәжірибесі: Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақтелеком» АҚ ұлттық телеком-операторының құрылымында бастаған, онда инженерден бастап басшыға дейін кәсіби жолдан өткен. Әр жылдары ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, стратегиялық даму, цифрлық трансформация және операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға қатыса отырып, «Алыс байланыс» бірлестігінің техникалық директорының орынбасары, Технологиялық процестерді басқару департаментінің директоры және «Қазақтелеком» АҚ «Желі» бірлестігінің трансформация жөніндегі директоры қызметтерін атқарды.
2024 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақтелеком» АҚ бөлшек бизнес бойынша дивизионының Digital Office директоры болып табылады.
Сондай-ақ, Qazaq Independent Directors қауымдастығының мүшесі, Technowomen коммерциялық емес ұйымының мүшесі, «VK Project» ЖШС Бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылады.
М. Оразмұхамедкызы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңда, Қоғам Жарғысында, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген, оның ішінде Қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда); Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; Қоғамның немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғалары - ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығына байланысты емес; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; Қоғамның аудиторы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлға болмаған; аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және өзінің Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған тәуелсіз өлшемшарттарға сәйкес келеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.







