Skip to main content

АК-инфрақұрылымын жүйелік-техникалық қызмет көрсету

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілеріне (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен аппараттық-бағдарламалық кешендеріне) жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметі ақпараттық жүйелерге, технологиялық платформаларға, аппараттық-бағдарламалық кешендерге, телекоммуникация желілеріне, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметтерін қамтиды. Жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің мақсаты аппараттық–бағдарламалық кешеннің, ақпараттық жүйелердің және телекоммуникация желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет :

  • техникалық қызмет көрсету;
  • жабдықты диагностикалау және жөндеу;
  • жедел қызмет көрсету;
  • ақпараттық жүйені әкімшіліктендіру;
  • жабдықты, ЕБҚ, ДҚБЖ, операциялық жүйелерді әкімшілендіру;
  • ЖЕЖ/ҚКЖ желілерін әкімшілендіру;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т. б. кіреді.