Skip to main content

Байланыс қызметтері

Байланыс қызметтері (МО БКО арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру, Интернетке қол жеткізу, IP - телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру)

IP/MPLS технологиялары негізінде МО виртуалдық жеке желісін ұйымдастыру, деректерді беру желісі базасында қорғалған корпоративтік IP-желілерін ұйымдастыру қызметі (оның ішінде: Интернет желісіне қолжетімділік, ІР-телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру).

  • МО БКО сымсыз сегменті ҚР аудан орталықтарында орналасқан МО мекемелері арасында TCP/IP-хаттамалар стегі бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған. МО БКО деректерін берудің сымсыз желісін құру «ҚР аудан орталықтарына арналған сымсыз жабдықтар базасындағы қол жеткізу желісі» жобасы шеңберінде орындалады.
  • МО БКО спутниктік сегменті ҚР облыстық және аудан орталықтарын қамтиды. Байланысты ұйымдастыру схемасы аудан орталықтарына облыстық торап бағытында да, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық спутниктік станция бағытында да деректерді бір спутниктік секіріске беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
  • МО БКО жерүсті сегменті Нұр-Сұлтан қаласында бөлінген оптикалық-талшықты желіні, сондай-ақ ҚР Облыс орталықтары мен Алматы қаласындағы қалалық желілерді қамтиды.