Skip to main content

Хостинг

Виртуалдық машина бөлу қызметі (хостинг) көрсетілетін қызметті алушының сервистері мен жүйелерін МО СО немесе оператордың ӨДӨО-на орналастыру үшін операциялық жүйе орнатылған бір виртуалдық сервер шеңберінде сұрау салу бойынша масштабталатын есептеу инфрақұрылымын білдіреді. Қызмет құрамына:

  • ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды орналастыру үшін виртуалды қуаттар беру;
  • қызмет аясында Тапсырыс берушіге ұсынылатын виртуалды қуаттардың қол жетімділігіне кепілдік беру;
  • жұмыс басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын мемлекеттік органды хабардар ете отырып, виртуалды алаңда алдын алу жұмыстар жүргізу;
  • тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету және 24/7/365 режимінде өтінімдер қабылдау;
  • қызмет шеңберінде ұсынылатын виртуалды қуаттардың қолжетімсіздігіне әкеп соққан штаттан тыс жағдай туындаған кезде Тапсырыс берушімен келісілген коммуникациялар арқылы жауапты қызметкерлерді 15 минут ішінде хабардар ету кіреді.