Skip to main content

Алматы облысы бойынша өңірлік өкілдігінің Ақпараттық жүйелерді сүйемделеу басқармасы бас менеджері

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім. Мамандығы: Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес; Құқық; Жаратылыстану ғылымдары; Техникалық ғылымдар мен технологиялар; Гуманитарлық ғылымдар; Әскери іс және қауіпсіздік.
  • Жалпы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде қызмет саласында 2 жылдан кем емес.

Міндетті білім мен дағдылардың болуы

  • ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету ерекшелігі;
  • жүйелі және қолданбалы БҚ, ақпараттық және кеңселік технологиялар, желілік технологиялар;
  • техникалық құжаттаманы оқу деңгейінде ағылшын тілін білу;
  • техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі.

Міндеттері:

  • ақпараттық жүйелерді енгізу;
  • АЖ-ны сүйемелдеу және әкімшілендіру, пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарының жұмысын қамтамасыз ету;
  • серверді әкімшілендіру;
  • пайдаланушыларды оқыту;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
  • өңірлік клиенттерді іздестіру және өздерінің кіріс шарттарын жасауға қатысу;
  • шығыс шарттарын жасауға қатысу.

Компания төмендегілерді ұсынады:

  • Қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткізу (соның ішінде халықаралық стандарттар бойынша);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына денсаулықты сауықтыруға арналған жәрдемақы;
  • Тоқсан сайынғы сыйлықақы.

Жұмыс жағдайы:

  • Жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
  • Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді Aigerim.Sikhayeva@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз, байланыс телефоны: +77071896948 (Айгерім).