Жалғыз акционер
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тиесілі.
Республикалық меншіктегі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін иеліктен шығару құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тиесілі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыра отырып, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Жалғыз акционері болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді.