Skip to main content

«Ашық диалог» порталында ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтері туралы сауалнама өтуде

«Ашық диалог» порталында ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметтері туралы сауалнама өтуде

«Ашық диалог» порталында 2017 жылдың 11-ші ақпанына дейін  ҚР Энергетика министрлігінің қызметтерін тұтынушылар қызметтердің сапасына қатысты сауалнамаға қатыса алады.

Сауалнамаға қатысу үшін https://dialog.egov.kz  порталына кіріп «Сауалнамалар» бөлімін  таңдап, содан кейін берілген тізімде «ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша қызметалушыларға арналған сауалнаманы» басу қажет. Барлығы 7 сұрақтан тұратын сауалнамаға қатысу үшін eGov.kz порталы арқылы авторизациядан өту керек.

Естеріңізге салсақ, «Ашық диалог» ҚР «Ашық үкімет» компоненттерінің бірі, әрі мемлекеттік органдар мен қоғам арасында нәтижелі кері байланыс орнатушы құрал болып табылады. Бүгінгі таңда аталған порталда сауалнамалармен қатар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы және «Ұялы байланыс сапасына халық бақылауы» атты сервис жұмыс жасайды.