Skip to main content

Қазақстандықтар Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті пайдалана алады

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті көрсету мүмкіндігі пайда болды. Мұндай қызмет түрі Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторланған пайдаланушы «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдау қажет. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервисте кіріктірілген QR-кодты көрсету керек немесе eGov Mobile қосымшасы қалыптастыратын қысқа кодты айту қажет.

«Бұл түсінікті және ыңғайлы әдіс – смартфонды ешкім ұмытып қалдырып кетпейдіал жеке куәлікті ұмытып қалдырып кетсе де әуежайға келе беруге боладыБіз цифрлық құжаттарды белсенді қолданатын және көрсетілетін қызмет түрлерінің артуының маңыздылығын түсінетін қала тұрғындары бізге жақсы пікірлер қалдырудаҚазақстандықтар үшін жаңаыңғайлы және түсінікті цифрлық мүмкіндіктерді  ұсынуды жалғасыратын боламыз», - деді ЦДИАӨМ министрі Бағдат Мусин.

Қазақстандықтарда цифрлық жеке куәлікті ішкі рейстерде пайдалану мүмкіндігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерін интеграциялай отырып, бірлескен күш-жігердің арқасында пайда болды.

Шымкенттегі цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істеуде, оны жолаушылар әуежайларда пайдаланады, пилоттық жоба кезеңінде  жолаушыларда өздерімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы болу керек.