Skip to main content

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Заңы 1-бабының 1-тармағына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құруды жоспарлауда.

«ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құрудың негізгі мақсаты - қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және «ҰАТ» АҚ қызметінің ашық болуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту.

Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығы) «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру екі кезеңдік рәсімнен тұрады.

Бірінші кезең – «ҰАТ» АҚ-ныңҚоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобын құруды, екінші кезең - «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құруды көздейді.

«ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының шешімімен Жұмыс тобының сандық құрамы 6 (алты) адам деңгейінде белгіленді, олардың 2-уі - «ҰАТ» АҚ-ның қызметкері.

4 адамнан тұратын Жұмыс тобының қалған құрамы конкурстық негізде азаматтық қоғам қатарынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтардан сайланатын болады.

Сондай-ақ, Жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығынсыз байқаушылар қатыса алады.

Жоғарыда жазылғанға байланысты, ақысыз негізде «ҰАТ» АҚ жұмыс тобының мүшелерін және дауыс беру құқығынсыз байқаушыларды іріктеу бойынша конкурстарды жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол немесе төменде көрсетілген электрондық мекенжайға төмендегі құжаттарды жолдайды:

Жұмыс тобының мүшелігіне үміткерлер үшін:

1) Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан жөніндегі кандидатураны Жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші (қоса беріледі) ;

2) кандидатураны (бар болған кезде) Жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (қоса беріледі) ;

4) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Байқаушыларға үміткерлер үшін:

1) Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініші (қоса беріледі) .

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары galiya.shynggaliyeva@nitec.kz электрогдық мекенжайына жолданады. Хат тақырыбында «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі» немесе «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы» деп көрсетуді сұраймыз.

Пошталық мекенжай: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15.

 

Байланыс телефоны: +7 7172 701665 (ішкі 6358).