Skip to main content

Құрметті ата-аналар мен портал қолданушылары!

Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеміз.

Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін Сіздерге eGov.kz «электронды үкімет» порталы (https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/mon-197-205) арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) 2022 жылдың 1 тамызына дейін құжаттарды тапсыру қажет.

Барлық сұрақтар бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мекетепке дейінгі және орта білім Комитетінің байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742042, 8 (7172) 742032.