Skip to main content

Әлнұр Ермағамбетов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Әлнұр Ермағамбетов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 27-ақпанындағы №177 шешіміне сәйкес ағымдағы жылдың 30-қаңтарынан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы  лауазымы Әлнұр Ермағамбетовке жүктелді. Бүгінгі күнге дейін Әлнұр Ермағамбетов «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы болып келген.

Ермағамбетов Әлнұр Мэлсұлы 1978 жылдың 10-ақпанында  Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетін тәмамдаған (биология ғылымдарының кандидаты, 2004 ж.), Маастрихт Менеджмент Мектебі және Халықаралық Бизнес Академиясының «Жалпы стратегиялық басқару» мамандығы бойынша біріккен курсын бітірген (2009 ж.). 

2008-2015 жылдар аралығында "Хьюлетт-Паккард (К)" ЖШС-де бірнеше басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2015 жылы HP Global Trading B.V. компаниясының Қазақстандағы филиалына жетекшілік етті.