Skip to main content

Магистратураға, резидентураға немесе докторантураға түсуге өтінімді eGov.kz порталда онлайн беруге болады

2023 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін eGov.kz порталы арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына гранттарының иегерлері де, ақылы оқығысы келетіндер де құжаттарды электрондық түрде тапсыра алады.

Өтінім беру үшін eGov.kz порталда авторлану қажет:

  1. "Азаматтарға" - "Білім" - "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім" бөліміне өтіңіз;
  2. " Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" қызметін таңдаңыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
  • бағдарламалар бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сынақтаманы тапсыру туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • өлшемі 3x4 см. болатын цифрлік фото;
  • 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

Қызмет тегін ұсынылады және оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы өңдейді. 

Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы құжаттарды қолма қол тапсыруға болады.