Skip to main content

NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасы шықты

NCALayer үшін SSL-сертификаты мерзімінің аяқталуына байланысты 01.06.2022 ж. бастап қосымшаға жаңарту жүргізілді.

Осыған байланысты ЭЦҚ пайдаланатын ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу кезіндегі ақауларды жою үшін қосымшаны NCALayer жаңа нұсқасына қайта орнату қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ кілттерін пайдалана отырып, аутентификация және қол қою кезінде қателер анықталған жағдайда:

  • NCALayer-ді қайта іске қосыңыз;
  • қате қайталанған жағдайда ескі нұсқаны жойып, https://pki.gov.kz/ncalayer сілтемесі арқылы ҚР ҰКО сайтынан жаңа нұсқаны жүктеп алып, орнату қажет.

NCALayer жаңартылған нұсқасын орнатуды тексеруге болады:

- «модульдерді басқару» бөлімін ашыңыз (NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен);

- модульді жаңарту күнін қарау, ол 01.06.2022 болуы керек;

- немесе ҚР ҰКО техникалық қолдауына 1414 нөміріне хабарласу немесе support@goscorp.kz поштасына жазуға болады.

Сондай-ақ, тікелей сілтеме арқылы жүктей аласыз:

ҚР жеке және заңды тұлғалары үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға қатысты барлық жаңартуларды ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сайтынан https://pki.gov.kz/ және телеграмм арнасынан https://t.me/nca_rk оқыңыз.