Skip to main content

Жылжымайтын мүлік объектілері мекен-жайларының мәліметтері бойынша жаңа сервис eGov.kz порталында және eGov mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді

Қазақстандықтар мүлік кепілін сату кезінде, нотариустарда, банктерде және басқа да ұйымдарда тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеру тарихын мұрағаттық мәліметтерді тексеру бойынша жаңа сервисінің көмегімен көре алады.

Жаңа сервис тіркеу рәсімдері кезінде мекен-жайдың тіркеу кодын (МТК) қолдана отырып, сұратылған ұйымдарға жылжымайтын мүлік мекен-жайының өзгеруі туралы мәліметтерді қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер көше атауы немесе үй нөмірі өзгерсе, бірақ құжаттарда ескі мекен-жай көрсетілсе, енді ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.

Бұрын жылжымайтын мүлік мекен-жайын өзгерту туралы анықтаманы қағаз анықтама күйінде ХҚКО арқылы алынған. Бұл жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде қиындықтар туғызатын және көп уақыт алатын.

Енді қарапайым мемлекеттік сервисті пайдалана отырып, мүліктің нақты мекен-жайын растауға болады. Айта кету керек, жылжымайтын мүлік деректерінсіз тек мекен-жайын өзгеру тарихы ғана көрсетіледі.

Қандай жағдайларда азаматтарға жаңа сервис қажет болуы мүмкін:

  • жылжымайтын мүлікті сату кезінде;
  • кепілзатты тіркеу кезінде;
  • тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бөлімдері талап еткен кезде;
  • көші-қон қызметі бөлімдері талап еткен кезде;
  • аймақтың/облыстың атауы өзгертілген кезде және т.б.

Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі болып табылады.

«Көптеген қазақстандықтар мұндай жағдайға үйінің мекен-жайы өзгерген кезде тап болады, бірақ жылжымайтын мүлікті сату кезінде нотариустар мен банктер мекен-жай өзгерту туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберуге мәжбүр. Бұл танымал сервис, бұған дейін азаматтар аталмыш анықтаманы жылына 3 миллион рет алатын. Қажеттілікті ескере отырып, нотариустар мен банктерге сол анықтамаларды сұратуға тыйым салуға және жаңа сервисті пайдалануға мүмкіндік беретін сервис әзірледік»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Осы сервистің аналогы eGov mobilе мобильдік қосымшасының көмегімен «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінде де ұсынылады.

«МТК бойынша мекен-жайлардың мұрағаттық мәліметтері» сервисін пайдалану үшін eGov.kz порталына кіру қажет, басты бетте «Сервистер» бөлімінде «МТК бойынша мекен-жайлардың мұрағаттық мәліметтері» сервисін таңдау қажет. Әрі қарай пайдаланушы:

  • порталда авторизациядан өтеді;
  • онлайн қызметке тапсырыс береді;
  • МТК толтырады және «тексеру» батырмасын басады (мекен-жай кодын жеке кабинеттен немесе мүліктің техникалық паспортынан көруге болады).

EGov.kz порталы экранында сұратуды сәтті өңдеу кезінде тарихи мекен-жай мәліметтері көрсетіледі. МТК дұрыс енгізілмеген жағдайда «Енгізілген мекенжай кодын (МТК) тексеруді сұраймыз» хабарламасы көрсетіледі.

Атамыш сервис ҚР ЦДИАӨМ мемлекеттік қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ және «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйелерінің жүргізілген интеграциясының арқасында жүзеге асырылды.

Бұған дейін ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ИИДМ бірлескен бұйрығына қол қойылды, ол азаматтардан осы анықтамаларды сұратуға тыйым салып қана қоймай, сонымен қатар нотариустар мен банк клиенттеріне қызмет көрсету кезінде аталмыш сервисті пайдалануға мүмкіндік береді.