Skip to main content

«Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі

АХАЖ ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал жағдайын түрлі жағдайда (туу; қайтыс болу; некеге тұру немесе бұзу; бала асырау; әкелікті анықтау; тегін, атын, әкесінің атын өзгерту) тіркеуге арналған. Онымен қоса, жеке тұлғалардың қайтыс болуы және баланың тууы туралы мәліметтер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына жіберіледі.

АХАЖ АЖ басты қызметі: АХАЖ бөлімдері Қазақстан Республикасы халықтың азаматтық хал актілерін есепке алу, тіркеу, өңдеу және сақтаумен айналысады, өтініштер мен сұрау салуларға қатысты ақпаратты өңдейді, тіркеу жұмыстары барысында тексерулер жүргізеді, әр түрлі кезеңдік жиынтық есеп-қисап жасайды.

АХАЖ АЖ басты мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал жағдайы актілерінің мемлекеттік тіркеуге қатысты міндеттерін қажетті ақпараттық қолдаумен және автоматтандырылған технологиялармен қамтамасыз ету.

Хронологиясы:

  • 2007 жылдың 13 тамызынан бастап АХАЖ ақпараттық жүйесі жұмыс туу туралы мәліметтерді тіркеу режимінде істей бастады.
  • 2008 жылдың 14 сәуірінен бастап АХАЖ ақпараттық жүйесіне бала асырау, әкелікті анықтау, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге қатысты тіркеулер жүргізіле бастады.
  • 2008 жылдың 1 мамырында кісі өлімі жайындағы алғашқы жазбалар тіркелді.
  • 2008 жылдың 1 маусымында неке қию және неке бұзу актілерін тіркеу режимі іске қосылды.

АХАЖ ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ведомстволарының  12 ақпараттық жүйелерімен интерграцияланған.

Жүйелердің интеграциялары әрбір мемлекеттік органмен  бекітілген жүйені пайдалану шеңберіндегі ақпаратпен ықпалдастық регламентіне сәйкес  жүргізіледі.