Skip to main content

Мобильдік үкімет

Электрондық үкіметтің "eGov Mobile" мобильді қосымшасы- мобильді байланыс құрылғылары арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер мен сервистерді ұсыну үшін eGov.kz жаңартылған экожүйесі.

Мобильді қосымша цифрлық қолтаңбаны төрт таңбалы PIN кодқа және құрылғының кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) байланыстыру арқылы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.Мұны бір рет жасағаннан кейін, Сіз ЭЦҚ-ны таңдауға және қызметтерді авторизациялау мен алу кезінде құпия сөзді қайтадан енгізбеуге мүмкіндігіңіз бар.

Мобильді қосымшаға кіру арқылы сіз қызметтердің кең спектрін аласыз:

  • Сандық құжаттарға жылдам қол жеткізу;
  • Қызметтер тізімдеріне жылдам қол жеткізу;
  • QR және CROSS - қол қою;
  • Өмірлік жағдайлар;
  • eGov mobile-да дербес деректерді қарау үшін жеке кабинет әзірленді, онда отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебе, зейнетақы жинақтары, еңбек қызметі, бизнес, менің карталарым, авто және жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, әкімшілік айыппұлдар және т. б. туралы әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан дербес ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ ЭЦҚ қолданылу мерзімі туралы ақпарат қолжетімді. Қолданба параметрлері, жиі қойылатын сұрақтар, виртуалды көмекші, бізбен байланысыңыз, қате туралы хабарлаңыз;
  • Мемлекеттік қызметтерді, ақпараттық сервистерді, төлемдер мен хабарламаларды қамтитын қызметтер каталогы;
  • PUSH хабарламасы арқылы электрондық құжаттарға қол қою;
  • SMS-хабарламалар арқылы мобильді электрондық қызметтер.

SMS-хабарламалар арқылы мобильдік электрондық көрсетілетін қызметтер SMS-пен мынадай функционал қолжетімді:

  • біржолғы парольді (OTP*) пайдалану арқылы авторизациялау және көрсетілетін қызметтерді алу;
  • композиттік қызметтер;
  • sms - әртүрлі оқиғалар, хабарландырулар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
  • көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау.

SMS хабарламалар арқылы келесі функционалдылықты пайдалануға болады:

  • Белсенді қызметтер;
  • Түрлі оқиғалар бойынша SMS-хабарламалар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
  • Қызмет сапасын бағалау.

Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play - де (Android - тің қажетті нұсқасы-5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-да (iOS-тың қажетті нұсқасы-11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеуге болады.