Уважаемые потенциальные поставщики, прежде чем зайти в раздел закупки просим ознакомиться со следующей документацией:

Выдержка из Единых правил закупок

Образец Ценового предложения

×

Сегодня:

Новости

14.06.2013

В Министерстве транспорта и коммуникаций РК продемонстрировали проект «Национальный шлюз РК Таможенного союза» российским коллегам

ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖұмағалиевРесей Федерациясының Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрінің орынбасары Денис Свердловпен кездесті.

Ресей  делегациясымен ресми кездесу барысында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов «Қазақстан Республикасының Кедендік одақтағы ұлттық шлюзі» жобасының іске асырылу барысы және Қазақстандағы инфокоммуникациялық технологиялардың дамуы жайында әңгімелеп берді.

Ресей тарапына ҚР-ның Кедендік одақтағы Ұлттық шлюзінің»  және «Сенімді үшінші тарапына» тараптардың электрондық-сандық қолдарының заңдастырылған қосалқы жүйесінің және тәжірибелік пайдалануға берілген функционалы мен мүмкіндіктерін растайтын жүйе мүмкіндіктері көрсетілді. 

Вице-министр Сәкен Сәрсенов атап өткендей, бүгінгі күнге ҚР-ның  Сыртқы және ішкі сауда жүйесінің интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру аясында Кеден одағы елдерінің ұлттық сегменттеріне кірігу әзірлігі қамтамасыз етілгендігін атап өтті. Бұл жүйе кедендік өзара қарым-қатынас барысында , оның ішінде салық, фито-санитариялық. көліктік және екі ел арасындағы сауда және де басқа салалардағы мемлекеттік бақылау түрлері жөнінде хабарлар алмасуды қамтамасыз етеді. 

  Кездесу барысы қорытындысы бойынша екі елдің Ұлттық сегменттерін интеграциялау жөнінде бірлесіп жұмыс атқару жайында келісілді.

  Сонымен бірге Ресей делегациясы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының серверлік орталығының диспетчерлік торабында, мемлекеттік қызмет және халыққа қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай контакт-орталығында болды.

  Ресей тарапы электрондық үкіметтің даму барысына ерекше қызығушылық танытты. «Электрондық үкіметтің» барған сайын өзекті болуы статистикамен негіздел түсті – 2012 жылы электрондық үкіметтің инфрақұрылымы арқылы 21,5 млн. қызмет көрсетілді. Министрліктің жоспарында электрондық қызмет көрсету санын одан әрі ұлғайту және олардың мобильдің қосымшаларға бейімделуін жалғастыру болып табылады. 

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тұтас бір қатарын іске асыру ИКТ-саласының дамуына жаңа бір серпін берді. Айталық, өткен жылдың нәтижесі бойынша осы сектордың кірісі 1 трлн. теңгеге дейін көтерілді. Компьютермен жұмыс жасайтын қазақстандықтардың (жұртшылықтың 62,6 пайызы) және Интернетті пайдаланушылар (10 млн. адам) саны артты.

БҰҰ-ның кейінгі рейтингіне сәйкес 190 мемлекет қатысқан елдердің арасында Қазақстан «е-қатысу» индексі бойынша екінші орын алды (2005 жылы – 31 орын). «Электронды үкіметті» дамыту индексі бойынша біздің еліміз 38-ші орынға (2005 жылғы 65-ші орыннан), ал  онлайн-қызмет жөнінде 14-ші орынға көтерілді. Қазақстанның электрондық  лицензиялауы биылғы жылы WSIS халықаралық конкурсы аясында бизнес үшін ең озық жоба деп аталды.

  Сәкен Сәрсенов Елбасының тапсырмасы бойынша жасалған «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасына айрықша назар аударып, оның негізгі қағидаттары жайында баяндап берді.. 

Аталған бағдарлама бойынша осы заманғы байланыс технологияларын, сандық теледидарды енгізу,  мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру, ақпараттық технологияларды медицинаға, білім беру және басқа салаларда ширата пайдалану, сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық кәсіпорындар рыногын мемлекеттік қолдау және қажетті инфрақұрылымдық жағдай жасау арқылы ынталандыруға бағытталған  бірқатар шаралар жасау көзделгенін еске саламыз.

  Сонымен қатар 2015 жылға қарай білім беру саласының 50 пайызында электрондық білім беру жүйесі енгізілетін болады.

Яндекс.Метрика