Skip to main content
  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа қызметтер eGov.kz порталында қолжетімді

    Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаңа қызметтер eGov.kz порталында қолжетімді

    Бұрын тек қана жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметтерінде көрсетілген ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 6 жаңа қызмет онлайн форматқа ауыстырылды және «Электрондық үкімет» порталында қолжетімді болды.

    Енді, қолданыстағы 18 онлайн қызметтен басқа тағы 6 қызмет қол жетімді болды. Атап айтқанда, ымдау тілі маманын ұсыну, жеке көмекшіні ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, сурдо-тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, кресло-арбалар мен протездік-ортопедиялық көмек көрсету.

  • 42 500 теңге көлеміндегі төлем туралы SMS қазақстандықтарға қателік салдарынан жіберілді

    42 500 теңге көлеміндегі төлем туралы SMS қазақстандықтарға қателік салдарынан жіберілді

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар барысында 400 000 қазақстандыққа 42500 теңге мөлшерінде төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама қателік салдарынан жіберілгенін хабарлайды.

    Бұл жағдай ерекше және адам факторының салдарынан орын алды.

    Ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсінік білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз!