Skip to main content

42 500 теңге көлеміндегі төлем туралы SMS қазақстандықтарға қателік салдарынан жіберілді

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар барысында 400 000 қазақстандыққа 42500 теңге мөлшерінде төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама қателік салдарынан жіберілгенін хабарлайды.

Бұл жағдай ерекше және адам факторының салдарынан орын алды.

Ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсінік білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз!