Skip to main content

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметінің миссиясы Директорлар кеңесі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін міндеттерді орындауына қажетті көмек көрсету болып табылады.

Ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге жүйелі тәсілді енгізу жолымен қоғамның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну болып табылады.

Қызмет өз жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Қоғам органдарының шешімдерін, Ішкі аудит қызметі туралы ережені және Қоғам мен Қызметтің басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Аудит қызметінің міндеті ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.