Комплаенс - бақылау қызметі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Комплаенс бақылау қызметі Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен 2021 жылы құрылған.
Қоғамның Комплаенс бақылау қызметі Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.
Комплаенс бақылау қызметінің негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына және ISO 37301:2021 стандарттарына сәйкес комплаенс бағдарламаларын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелерді бақылау мен пайдалану.