Басқарма

Коняшкин Ростислав Анатольевич
Басқарма Төрағасы
Коняшкин Ростислав Анатольевич
Басқарма Төрағасы
Коняшкин Ростислав Анатольевич 1989 жылғы 4 қыркүйекте Жамбыл облысында туылған, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша (қаржылық және актуарлық бағыт) бітірген.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ақпараттық жүйелер магистрі дәрежесі бар. Жобаны басқару жөніндегі сертификатталған маман (Сертификат: IPMA level C).
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2011 жылғы қыркүйек айында «ERP-service «Kaztranscom SAP» ЖШС аналитик, менеджер болып бастаған.
2012 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы ақпанға дейін «Астана Innovations» АҚ-да аналитик, менеджер болып жұмыс істеді.
2014 жылғы ақпаннан бастап 2016 жылғы мамырға дейін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның жоба менеджері болды.
2016 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы қазанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бас маманы болып жұмыс істеді.
2016 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың ақпан айыны дейін «Өрлеу» АТО» ЖШС жоба менеджері болды.
2017 жылдың наурыздан бастап 2019 жылдың наурызға дейін «Транстелеком» АҚ-да жоба менеджеріболып жұмыс істеді.
2019 жылғы наурыздан бастап қараша айына дейін «Tengri Lab» ЖШС жобалық кеңсесінің жетекшісі болып жұмыс істеді.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін ИИ-дегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау жөніндегі Назарбаев Университеті Қорының Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі болды
2020 жылғы ақпаннан бастап 2020 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2021 жылғы сәуір айынан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Арай Асылбекқызы Оразова
Басқарма төрағасының орынбасары
Арай Асылбекқызы Оразова
Басқарма төрағасының орынбасары
Арай Асылбекқызы Оразова 1988 жылы 11 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында туған.
«Автоматтандыру және басқару», «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2009 жылы «Астана-финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның Өскемен қаласы филиалында ІТ менеджер қызметінен бастады.
2011 жылғы қазаннан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ЭҚАБЖ және ЭҮП жобаларымен жұмыс жасады.
2018 жылғы тамыздан бастап «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да Деректерді басқару кеңсесінің бас аналитигі қызметін атқарып,
2019 жылғы шілдеде Цифрландыру департаменті жобаларының бас менеджері болып ауыстырылды.
2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне алынды.
2020 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды.

Тұрғанбеков Асылбек Бекмұратұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Тұрғанбеков Асылбек Бекмұратұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Тұрғанбеков Асылбек Бекмұратұлы 1982 жылы 12 наурызда Алматы облысында туған. Алматы энергетика және байланыс институтын «Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылғы тамызда «Қазақтелеком» ААҚ-ның Үштөбе қаласындағы Қаратал аудандық бөлімшесінің ЛАЗ электр механигі қызметінен бастады.
2005 жылғы қазан - 2007 жылғы қараша аралығында «Қазақтелеком» ААҚ-ның Алматы облысындағы Өндірістік-техникалық зертханалар орталығының жаңа технологияларды енгізу және сервистік келісім-шарттармен жұмыс істеу учаскесінің инженері болып жұмыс істеді.
2007 жылғы желтоқсан - 2012 жылғы желтоқсан аралығында «KazTransCom» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Электр байланысы цехының станциялық жабдығын сервистік қолдау тобының жетекші инженері болды.
2012 жылғы желтоқсан - 2013 жылғы желтоқсан аралығында «Digital TV» ЖШС-ның Астана қаласындағы филиалының техникалық директоры қызметін атқарды.
2013 жылғы желтоқсан - 2017 жылғы наурыз аралығында «Kazsatnet» ҰК» АҚ-да Мультимедиялық қызметтер департаменті БКБ және трансляция бөлімінің бастығы болды.
2017 жылғы наурызда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ БКБ бөлімі бастығының лауазымына қабылданды.
2018 жылғы қаңтарда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мультимедиялық сервистер департаменті директорының лауазымына ауыстырылды.
2021 жылғы ақпанда Инфрақұрылымды пайдалану департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды.
2022 жылғы қаңтарда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әшірбеков Саян Мейрамұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
Әшірбеков Саян Мейрамұлы
Басқарма төрағасының орынбасары
1989 жылғы 21 ақпанда туған, Қарағанды облысының тумасы.
2011 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын, 2019 жылы - М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, Назарбаев Университетінің істі әкімшілендіру магистрінің дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2013 жылы «TeleKRONA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техниқалық маман болып бастаған.
2014 жылдың тамыз айы - 2015 жылдың тамыз айы аралығында - «Watt» ЖШС Техникалық директоры.
2016 жылдың наурыз айы - 2018 жылдың тамыз айы аралығында «Транстелеком» АҚ-ның Техникалық сарапшы және жобалық менеджер қызметін атқарды.
2018 жылдың тамыз айынан бастап «Транстелеком» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы филиалда Басқарушы директор болып жұмыс істеген.
2022 жылдың қазан - желтоқсан айлары аралығында - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Өңірлік өкілдіктерімен жұмыс істеу жөніндегі басқарушы директор.
2022 жылдың желтоқсан айында «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.