Бижанов Айбол Бейбітұлы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Туған жылы мен күні: 1991 жылғы 16 ақпан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдады.
2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2013 жылғы тамыз айынан бастап 2020 жылғы маусым айына дейін – «Евро-Азия Эйр» АҚ, «Қазақстанның футбол федерациясы» ЗТБ.
2020 жылғы тамыздан 2021 жылғы наурызға дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ SDU Big Data департаментінің бас менеджері.
2021 жылғы наурыздан 2022 жылғы шілдеге дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Smart Data Ukimet департаментінің жоба жетекшісі.
2022 жылғы шілдеден 2024 жылғы қыркүйекке дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Smart Data Ukimet департаментінің директоры.
2025 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесінде мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.