Skip to main content

Даму стратегиясы

Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) – Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің  4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29 бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118  Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.

Компанияның миссиясы:

мемлекеттік органдар мен басқа мекемелерге ақпараттық-коммуникация қызметтерін көрсету арқылы Қазақстанның өркендеуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік тудыру.

Компанияның көрінісі:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл – кәсіби ұжым, төзімді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, қауіпсіздік, жаңа шешімдер.

Компанияның құндылығы:

ҰЖЫМ

біздің бүгінгі күндегі және болашақтағы жетістіктеріміз - кәсіби, жауапты және жұмылдырылған команданы қалыптастыратын біздің барлық қызметкерлеріміздің ортақ жетістіктері.

НӘТИЖЕЛІЛІК

біз нәтижені, алға қойған мақсатқа жетуді және қол жетімді  адами, технологиялық және техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануды басты орынға қоямыз.

САПА

біздің жұмысымыздың нәтижелері тұтынушылардың талаптары мен үміт артатын нәтижелерін үнемі қанағаттандырады, себебі біздер көрсететін қызметтер сенімді, қолайлы және қауіпсіз. Біздің бірден сапалы нәтижені көрсете алатынымыз кәсібилілікке, міндеттерді тұтынушыларымыздың қажеттіліктері мен сұраныстарын дұрыс түсінуге негізделген.

Стратегиялық бағыт

Компания өз мақсаттары мен миссиясына қол жеткізу үшін үш басты стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жасайды:

1. «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымын үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету

1-ші мақсат. Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасы және деректерді өңдеу орталықтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

2-ші мақсат. Ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистердің қол жетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3-ші мақсат. Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету.

2. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету

1-ші мақсат. Ақпараттық-коммуникация қызметтер тізіміне сәйкес жұмыс жасау.

3. Компания жұмысының нәтижелілігін арттыру

1-ші мақсат. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2-ші мақсат.  Адами ресурстарды басқару.