Skip to main content

Оразалимов Шыңғыс Айдарбекұлы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Туған жылы мен күні: 1994 жылғы 23 қаңтар.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі:

2015 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.

2017 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:

2014 жылғы қараша - 2019 жылғы маусым аралығы – «Smart Digital Consulting» ЖШС, «KulanOil» ЖШС, «Қазпошта» АҚ-да, «Самрук Казына Контракт» ЖШС, «Астана халықаралық қаржы орталығы» АҚ-ның Финтех Хабында және «Toolpar» ЖШС-да жұмыс істеді;

2019 жылғы шілде - 2021 жылғы қаңтар аралығы – «BTS Digital» ЖШС-ның өнім менеджері;

2022 жылғы қаңтар - тамыз аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Стратегиялық даму аппараты департаментінің директоры, Фронт-офистерді үйлестіру департаментінің директоры, Цифрландыру жөніндегі офис жобасының басшысы;

2022 жылғы тамыз - 2023 жылғы маусым аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма аппаратының IT жөніндегі басқарушы директоры ;

2023 жылғы маусым - 2024 жылғы сәуір аралығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2024 жылғы шілде айынан бастап осы уақытқа дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесінде мүшелік: жоқ.

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.