Кіріс шарттарын үйлестіру департаментінің менеджері
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Қызмет саласы бойынша жоғары/орта кәсіптік білімге рұқсат етіледі (әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес; құқық; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технологиялар; әскери істер және қауіпсіздік; гуманитарлық ғылымдар);
- В.П., СП білімі болған жағдайда – кемінде бір жыл.
Қажетті білім мен дағдылардың болуы
- Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын және функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті заңнамаға тәуелді нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
- Функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және заңға тәуелді актілерді, нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
- Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын және функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді, нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
- Мемлекеттік сатып алудың https://goszakup.gov.kz/ веб-порталында Қызмет көрсетушінің өкілі ретінде жұмыс істеу дағдылары.
Міндеттері:
- Тапсырыс берушілердің Қоғамның көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын орналастыруы үшін мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі;
- Тапсырыс берушілермен орталықтандырылған кіріс шарттарын және оларға қосымша келісімдер жасау;
- Кіріс шартын оның әрекет ету мерзімі ішінде қолдап отыру (іске асыруға қатысу);
- Қоғамның шарттық міндеттемелерін орындау құжаттамасы;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға, конференцияларға, жұмыс топтарына және т.б. қатысу;
- Өз құзыреті шегінде басқа да тапсырмаларды орындау.
Біз ұсынамыз:
- Жұмыскерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарынан өту (оның ішінде халықаралық стандарттар);
- 2 (екі) лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған емдік жәрдемақы;
- Тоқсан сайынғы сыйлықақылар;
- Заманауи және қолайлы кеңсе;
- Елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.
Шарттары:
- Жалақы – 190 000 теңге;
- Жұмыс кестесімен толық уақыт 9.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.
Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.