Skip to main content

Аманжолов Алмаз Қанатбекұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор

Туған жылы мен күні: 1983 жылы 31 шілде.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2026 жылғы 13 шілде.

Директорлар кеңесінің мүшесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүше болуы:

  • Стратегиялық жоспарлау комитеттің төрағасы;
  • Кадр және сыйақылар комитетінің төрағасы;
  • Аудит комитетінің мүшесі;
  • Сервистердің және АТ-инфрақұрылымының істен шығу тұрақтылығы комитетінің мүшесі;

Білім беру және біліктілікті арттыру:

2002 жылы Қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжін «Маркетинг» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Әл-Фараби «Менеджмент» мамандығы бойынша.

2017 жылы Лондон Бизнес мектебін, Sloan магистратура «Көшбасшылық және Стратегия» бітірді.

2013 жылдан бастап халықаралық сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ASSA) мүшесі.

2014 жылдан бастап сертификатталған кәсіби бухгалтер.

2020 жылы «Цифрлық трансформацияны басқарудағы стратегиялық көшбасшылық» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру туралы Сколково бизнес мектебінің сертификаты алынды.

Еңбек тәжірибесі:

Еңбек жолын 2006 жылы Deloitte халықаралық компаниясында аудитордың ассистенті болып бастады. Әр жылдары Deloitte аға аудиторы болып жұмыс жасады, «Казцинк» ЖШС компаниялар тобында ұзақ уақыт жұмыс атқарды, «Астана халықаралық қаржы орталығының құрылымында үш жылдан астам түрлі позицияларды, оның ішінде «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің еншілес құрылымындағы Инвестициялар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдинг» АҚ тарату комиссиясының төрағасы лауазымдарын атқарды.

А.Қ. Аманжолов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңда, Қоғам Жарғысында, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген, оның ішінде Қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда); Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; Қоғамның немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғалары - ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығына байланысты емес; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; Қоғамның аудиторы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлға болмаған; аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және өзінің Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған тәуелсіз өлшемшарттарға сәйкес келеді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.