Skip to main content

Бектұрғанова Гүлжан Жаңалықызы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Туған жылы мен күні: 1982 жылы 22 желтоқсан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2026 жылғы 13 шілде.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүше болуы:
· Аудит комитетінің төрағасы;
· Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі;
· Кадр және сыйақылар комитетінің мүшесі;
· Сервистердің және АТ-инфрақұрылымының істен шығу тұрақтылығы комитетінің мүшесі.

Білімі:

  • 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, құқықтану бакалавры дәрежесін алды.
  • 2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітіріп, есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры дәрежесін алды.
  • 2021 жылы АҚШ-тың Пенсильвания университетінде ұйымдастырушылық динамикадағы ғылым шебері дәрежесін алды.
  • 2022 жылы Тәуелсіз директорлар қауымдастығының «Ұйымды тиімді басқару» сертификаттауынан өтті.
  • 2023 жылы «Басқару есебі» бағдарламасы бойынша (Ұлыбритания) институтының Кәсіби Қаржы Менеджерлері аттестатын алды.
  • 2023 жылы «Кәсіби қаржы менеджері» атағы берілген (Ұлыбритания) институтының Кәсіби Қаржы Менеджерлері аттестатын алды
  • 2025 жылы Директорлар институты (UK), «Certificate in Company Direction» халықаралық сертификатталған бағдарламасы өтті.

Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары оқытушылық қызметпен айналысқан, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
2010 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қазанына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы шілдеге дейін Fintech Hub Astana International Financial Center үшін консультант;
2022 жылдың сәуірінен 2026 жылдың 16 ақпанына дейін «dBridge» ЖШС директоры.
2026 жылғы 17 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «dBridge» ЖШС Басқарушы директоры.
Сондай-ақ, Qazaqstan Independent Directors қауымдастығының мүшесі, Qazaqstan Independent Directors консультативтік кеңесінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты.

Г.Ж. Бектұрғанова «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңда, Қоғам Жарғысында, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген, оның ішінде Қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлғасы болып табылмайтын (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда); Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; Қоғамның немесе Қоғамның аффилиирленген тұлғалары - ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен бағыныстылығына байланысты емес; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; Қоғамның аудиторы болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде аффилирленген тұлға болмаған; аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспаған және өзінің Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған тәуелсіз өлшемшарттарға сәйкес келеді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.