Коняшкин Ростислав Анатольевич

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі
Туған жылы мен күні: 1989 жылғы 4 қыркүйек.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2025 жылғы 2 мамыр.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білім беру және біліктілікті арттыру:
- 2011 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» (қаржы-актуарлық бағыт) мамандығы бойынша бітірген.
- 2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық жүйелер магистрі дәржесін алған.
- Жобаларды басқару жөніндегі сертификатталған кәсіби маман (Сертификат: IPMA level C).
- Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 2011 жылғы қыркүйек айында «ERP-service «Kaztranscom» ЖШС-да аналитик, менеджер болып бастаған. 2012 жылғы тамыз – 2020 жылғы ақпан аралығында «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ-да, ҚР БҒМ «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы» АҚ-да, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-да қызмет еткен. 2020 жылғы ақпан – 2021 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары болған. 2021 жылғы сәуір – 2024 сәуір айында аралығында - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы. 2024 сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.