Skip to main content

«Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі

«Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесінің мақсаты - «Е-үкімет» құрауыштарымен әкімдіктердің аумақтық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік электрондық қызметтерді халыққа ұсыну.
 Үлгілік шешімді енгізу халыққа қызмет көрсету бойынша әкімдіктердің жұмысын қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын енгізуді, өтініштердің бірыңғай нысанын, қызмет көрсетудің бірыңғай механизмін біріздендіруге мүмкіндігін береді, бұл:

  1. Халық және бизнес құрылымы үшін қызмет ұсыну процесін жеңілдетеді;
  2. кезекке тұрудың саны мен құжаттарды жинақтау процесін қысқартады;
  3. Қызметтер мәртебесі туралы өтініш берушілерді хабардандыру есебінен электрондық қызметті ұсынудың бизнес-процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
  4. Электрондық түрде халыққа көрсетілетін қызмет санын ұлғайтуға мүмкіндігін береді.

Жүйе арқылы әлеуметтік маңызды қызметтер «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Мұрағат анықтамаларын беру», «2020 жылға дейінгі өңірлік даму бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы үшін I және III топтағы азаматтардан өтінімдер мен құжаттарды қабылдау» сондай-ақ неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтері және білім, мұрағаттар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармасы бөлімдерінің  функциялары іске асырылды.


Жобаның  2016 жылға арналған көрсеткіштері:

- Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарының 99%-ын қамту;
- 17 мемлекеттік қызмет және 5 қызмет көрсету сервисі, республикалық ауқымдағы 2 электрондық тізілімдер (қорғаншылық және қамқоршылық бойынша электрондық тізілім, жеке қосалқы шаруашылықтардың электрондық тізілімі) жұмыс істейді;
- 2016 жылы 10 айдың ішінде ЭҮӨШ арқылы 1 946 600  ЖАО-дың мемлекеттік қызметтері көрсетілді, (2015 жылмен салыстырғанда 42% -ға артық) олардың ЭҮП үлесі – 46%  ХҚКО - 34%, ЖАО – 20%-ды құрады.