Skip to main content

Мобильдік үкімет

МОБИЛЬДІК ҮКІМЕТ – бұл мобильдік құрылғылар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың арнасы. 
Мобильдік үкіметтің көрсетілетін қызметтері мен сервистерін пайдалану үшін төмендегілер арқылы тіркелу қажет:

  • Электрондық үкімет порталы (ЭҮП).
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

MGOV МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША

MGov мына мобильді қосымшасын AppStoreGoogle Play жүктеп алыңыз.
Қосымшада ЖСН, ЭЦҚ немесе бір жолғы SMS пароль * арқылы кіріп, авторлануға болады.
Мобильдік қосымшаны активтендіріп көрсетілетін қызметтердің кең ауқымын аласыз:

  •  Тіркелу мекенжайыңыз, жылжымайтын мүлік, автокөліктің болуы туралы ақпаратпен

Жеке кабинет

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ақпараттық сервистер, төлемдер және хабарламаларды өзіне қамтумен

Көрсетілетін қызметтер каталогы.

  • Объектілер картасы. Жақын жердегі мемлекеттік объектілер, нотариустар, балабақшалар, дәріханалар және т.б. объектілерді қарау үшін мобильдік қосымшада қозғалыс бағытын көрсету мүмкіндігімен карта әзірленген.

SIM-КАРТАДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА


Мобильдік қолтаңбаның технологиясы арқылы пайдаланушының ЭЦҚ SIM-картасына жазылады.  Абонент сұрау салуын растау үшін SMS-хабарлама жібере алатын ең қарапайым ұялы телефонды қолдана алады. Хабарламада абонент жеке басын куәландыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбасының PIN-кодын енгізеді.


SMS-ХАБАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ МОБИЛДІК ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР


SMS-пен мынадай функционал қолжетімді:

    - біржолғы парольді (OTP*) пайдалану арқылы авторизациялау және көрсетілетін қызметтерді алу;
    - композиттік қызметтер;
    - sms - әртүрлі оқиғалар, хабарландырулар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
    - көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау.

*Бір реттік SMS -пароль –пайдаланушының мобильді телефонына келетін тексерілетін кодымен sms-хабарлама. SMS алу үшін пайдаланушы «M-Gov» мобильдік азаматтардың базасында тіркелуі тиіс.